Эксперимент алаңы » Страница 7 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Podcast» жобасы аясында «Оқушы жетістігі – ұстаз айнасы» тақырыбында шабыт пен шынайы ойға толы подкаст өтті
02
март
2026
«Podcast» жобасы аясында «Оқушы жетістігі – ұстаз айнасы» тақырыбында
«Podcast» жобасы аясында «Оқушы жетістігі – ұстаз айнасы» тақырыбында шабыт пен шынайы ойға толы подкаст өтті. Бұл шығарылымда біз бағалар мен емтихандардан бөлек, оқушының ішкі әлеуетін ашатын құндылықтар, табандылық пен сенім туралы әңгімелестік. Подкаст қонағы — өз ісіне адал,шәкірттеріне әрдайым қолдау көрсетіп жүретін ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы - Ахмедова Забида Каримовна. Әңгіме барысында: – табысқа жету үшін қажет ең маңызды қасиеттер; – өмірдегі шешімдердің адамды қалай
10-сынып оқушылары арасында гимназияішілік «Волейбол» ойынынан жарыс өтті
23
февраль
2026
10-сынып оқушылары арасында гимназияішілік «Волейбол» ойынынан жарыс
Іс-шара арқылы оқушылар белсенді, топтық(командалық) бірлесіп орындауға мүмкіндік алды. “Волейбол” ойынына қызығушылық артты, оқушылардың шапшаңдылығын, ептілігін, қол және аяқ икемділігін жетілдірді. Нәтижесінде: 1-орын 10 “А” сыныбы 2-орын 10 “Б” сыныбы 3-орын 10 “Г” сыныбы марапатталды.
Асық ату ойыны ұйымдастырылды
23
февраль
2026
Асық ату ойыны ұйымдастырылды
4-сынып оқушылары арасында асық ату ойынынан жарыс ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылар арасында ұлттық ойынды насихаттау; оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Нәтижесінде 1 орын- 4 “Г” сыныбы, 2 орын- 4 “Б” сыныбы, 3 орын- 4 “З” сыныбы, 4 орын- 4 “А” сыныбы, 5 орын - 4 “Д” сыныбы марапатталды. 
Дөңгелек үстел ұйымдастырылды
23
февраль
2026
Дөңгелек үстел ұйымдастырылды
«Тайм-менеджмент: Уақытты тиімді басқарудың құпиялары» тақырыбында 6-сынып жас лидерлерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 🔸 Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға уақытты дұрыс жоспарлау, күн тәртібін тиімді құру және бос уақытты пайдалы өткізу дағдыларын қалыптастыру. 🔸 Дөңгелек үстел барысында оқушылар уақытты басқарудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісіп, күнделікті өмірде уақытты үнемдеу жолдарын талқылады. 🔸 Сонымен қатар, уақытты жоспарлау әдістері, мақсат қою, приоритеттерді
Podcast жобасының кезекті шығарылымы
20
февраль
2026
Podcast жобасының кезекті шығарылымы
Podcast жобасының кезекті шығарылымының қонағы — математика пәні мұғалімі Қаспақов М.Ш. Кездесу барысында «Сөз әдебі» тақырыбы қозғалып, бүгінгі қоғамдағы қарым-қатынас мәдениеті, сыйластық, орынды сөйлеу және әр сөздің жауапкершілігі туралы ой бөлісті. Көпшілікті алаңдататын маңызды сұрақтар талқыланып, әркімге ой салатын пікірлер айтылды. «Жақсы сөз – адамға қуат, ал орынсыз сөз – көңілге жара» екені тағы бір мәрте дәлелденді. Келесі шығарылымдарда да қызықты қонақтармен жүздесеміз. Бізбен
5-сыныптар арасында “Сапарғали Бегалин — балалар жазушысы” атты байқауы өтті
19
февраль
2026
5-сыныптар арасында “Сапарғали Бегалин — балалар жазушысы” атты
Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің бәйтерегі Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуы мерейтойына орай гимназиямызда 5-сыныптар арасында “Сапарғали Бегалин — балалар жазушысы” атты байқау өтті. Мақсаты: Сапарғали Бегалиннің шығармашылығымен таныстыру, оқушылардың әдебиетке, кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Оқушылар “Бала Шоқан” повесіндегі қазақтың біртуар перзенті бала Шоқан Уәлихановтың бейнесін жан-жақты ашып, шығармадан үзінділер оқып, өз әсерлерін ортаға салды.
Мектебімізде оқушылар мен мұғалімдердің ашық сұхбатына негізделген PODCAST жобасы өз жұмысын бастады
16
февраль
2026
Мектебімізде оқушылар мен мұғалімдердің ашық сұхбатына негізделген
Мектебімізде оқушылар мен мұғалімдердің ашық сұхбатына негізделген подкаст жобасы өз жұмысын бастады. Жобаның мақсаты – ұстаз бен оқушы арасындағы диалог мәдениетін дамыту, өмірлік құндылықтарды дәріптеу, білім алушыларға мотивация мен бағыт-бағдар беру. Алғашқы шығарылым тақырыбы: «Жүрекке жол салған ұстаз» Жүргізуші – 5-сынып оқушысы Жамбылқызы Айбике. Қонақ – бастауыш сыныптың тәжірибелі ұстазы Балтабаева Нұрипа Тоғайбайқызы. Эпизод барысында алғашқы мұғалімнің бала өміріндегі орны, бастауыш
5-сыныптар арасында «Санмен өрнектелген өмір” атты танымдық-интеллектуалды ойын өтті
09
февраль
2026
5-сыныптар арасында «Санмен өрнектелген өмір” атты
Ойынның мақсаты: оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және сандардың күнделікті өмірдегі маңызын ұғындыру. Ойын барысында қатысушылар сандарға байланысты түрлі тапсырмалар орындады: логикалық есептер шығарды, өмірмен байланысты жағдаяттарды талқылады, жылдам ойлау мен тапқырлықты талап ететін сұрақтарға жауап берді. Ойынның соңында жеңген топтар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
1-сыныптар арасында эстафетадан топтық жарыс ұйымдастырылды
09
февраль
2026
1-сыныптар арасында эстафетадан топтық жарыс ұйымдастырылды
Мақсаты мен міндеттері: Гимназия оқушылары арасында “эстафета” ойынын насихаттай отырып, эстафеталық ойын түрімен жүйелі түрде айналысуына жол ашу; - оқушының логикалық ойлау, шабшаңдылық, жылдамдық қабілетін дамыту; - ойыншылардың деңгейін бақылап, үздіктерді анықтау; - гимназия оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қатысушы топтар 1,2,3-дәрежелі дипломдармен марапатталды. 
8-сынып оқушыларымен “Абай даналығы- халық мұрасы” танымдық сабағы өткізілді
02
февраль
2026
8-сынып оқушыларымен “Абай даналығы- халық мұрасы” танымдық сабағы
Бұл сабақта ұлы Абайдың баласы Әбдрахманға арналған шығармалары талданды. "Тұла бойың ұят-ар едің" бөлімі бойынша оқушылар Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахманға арналған өлеңдері арқылы кемел адамға тән тұлғалық қасиеттерді саралап, әке жоқтауының мәнін ашты. ”Абайға арнау” шығармашылық бөлімі бойынша оқушылардың ұлы ақынға арналған өлеңдері оқылды.