Іс-шаралар » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
«Podcast» жобасы аясында “Жастар мен мансап: болашаққа дұрыс қадам“ тақырыбы талқыланды
10
апрель
2026
«Podcast» жобасы аясында “Жастар мен мансап: болашаққа дұрыс қадам“
Қонақ ретінде тәжірибелі ұстаз Рахымжан Дүйсенұлы қатысып, өзекті сұрақтарға жауап беріп, пайдалы кеңестерімен бөлісті. Талқыланған негізгі мәселелер: — Мектептің болашақ мамандыққа дайындаудағы рөлі — Өз қызығушылығыңды анықтау жолдары — Қоғам мен ата-ананың әсерінен тәуелсіз таңдау жасау — Мансапқа ерте бастан дайындалудың нақты қадамдары Болашақ — бүгінгі дұрыс қадамнан басталады!
“Podcast” жобасы аясында «Тілді үйрету: тиімді әдіс пен нәтиже» тақырыбында мазмұнды сұхбат өтті
03
апрель
2026
“Podcast” жобасы аясында «Тілді үйрету: тиімді әдіс пен нәтиже»
Бұл шығарылымда ағылшын тілін үйренудің тиімді жолдары, оқушылардың жиі кездесетін қиындықтары және оларды жеңу тәсілдері кеңінен талқыланды. Подкаст қонағы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шабденова Аружан Спатайқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, тіл үйренуде дұрыс әдіс пен тұрақты тәжірибенің маңызын атап өтті. Сонымен қатар, оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, тыңдалым мен оқылымды жетілдіру жолдары туралы нақты кеңестер берілді. Подкаст барысында: — Ағылшын тілін үйренудің тиімді әдістері
”Podcast” жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар – ұлттың рухани негізі» тақырыбында мазмұнды сұхбат өтті.
17
март
2026
”Podcast” жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар – ұлттың рухани негізі»
Бұл шығарылымда ұлттық құндылықтардың мәні, оның тарихпен байланысы және қазіргі замандағы маңызы кеңінен талқыланды. Подкаст қонағы – тәжірибелі ұстаз, тарих пәнінің мұғалімі Талғат Юсупджанұлы өз ойымен бөлісіп, оқушыларға рухани құндылықтарды сақтаудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, жас ұрпақтың ұлттық болмысты күнделікті өмірде қалай қолдана алатыны туралы нақты мысалдар келтірілді. Подкаст барысында: — Ұлттық құндылықтардың мәні ашылды — Жастардың рөлі туралы пікірлер айтылды —
«Podcast» жобасы аясында «Оқушы жетістігі – ұстаз айнасы» тақырыбында шабыт пен шынайы ойға толы подкаст өтті
02
март
2026
«Podcast» жобасы аясында «Оқушы жетістігі – ұстаз айнасы» тақырыбында
«Podcast» жобасы аясында «Оқушы жетістігі – ұстаз айнасы» тақырыбында шабыт пен шынайы ойға толы подкаст өтті. Бұл шығарылымда біз бағалар мен емтихандардан бөлек, оқушының ішкі әлеуетін ашатын құндылықтар, табандылық пен сенім туралы әңгімелестік. Подкаст қонағы — өз ісіне адал,шәкірттеріне әрдайым қолдау көрсетіп жүретін ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы - Ахмедова Забида Каримовна. Әңгіме барысында: – табысқа жету үшін қажет ең маңызды қасиеттер; – өмірдегі шешімдердің адамды қалай
Podcast жобасының кезекті шығарылымы
20
февраль
2026
Podcast жобасының кезекті шығарылымы
Podcast жобасының кезекті шығарылымының қонағы — математика пәні мұғалімі Қаспақов М.Ш. Кездесу барысында «Сөз әдебі» тақырыбы қозғалып, бүгінгі қоғамдағы қарым-қатынас мәдениеті, сыйластық, орынды сөйлеу және әр сөздің жауапкершілігі туралы ой бөлісті. Көпшілікті алаңдататын маңызды сұрақтар талқыланып, әркімге ой салатын пікірлер айтылды. «Жақсы сөз – адамға қуат, ал орынсыз сөз – көңілге жара» екені тағы бір мәрте дәлелденді. Келесі шығарылымдарда да қызықты қонақтармен жүздесеміз. Бізбен
Мектебімізде оқушылар мен мұғалімдердің ашық сұхбатына негізделген PODCAST жобасы өз жұмысын бастады
16
февраль
2026
Мектебімізде оқушылар мен мұғалімдердің ашық сұхбатына негізделген
Мектебімізде оқушылар мен мұғалімдердің ашық сұхбатына негізделген подкаст жобасы өз жұмысын бастады. Жобаның мақсаты – ұстаз бен оқушы арасындағы диалог мәдениетін дамыту, өмірлік құндылықтарды дәріптеу, білім алушыларға мотивация мен бағыт-бағдар беру. Алғашқы шығарылым тақырыбы: «Жүрекке жол салған ұстаз» Жүргізуші – 5-сынып оқушысы Жамбылқызы Айбике. Қонақ – бастауыш сыныптың тәжірибелі ұстазы Балтабаева Нұрипа Тоғайбайқызы. Эпизод барысында алғашқы мұғалімнің бала өміріндегі орны, бастауыш
«Жас сақшы» әскери-патриоттық сыныбының ашылу салтанаты
28
январь
2026
«Жас сақшы» әскери-патриоттық сыныбының ашылу салтанаты
https://youtube.com/shorts/mPpwNH41Seg?feature=share Гимназияда «Жас сақшы» әскери-патриоттық сыныбының ашылу салтанаты өтті. Бұл тағылымды шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық рухты, отансүйгіштік қасиетті, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ болашақ мамандыққа бағыт беру. Салтанатты жиында жас сақшылар Отанға адал болуға, міндеттерін бұлжытпай орындауға Ант қабылдады. Шараға Жамбыл облысы полиция департаментінің жеке құрамы жұмыс жөніндегі басқарма басшысының
Қалалық «Бауыржан оқулары» байқауы өтті
26
январь
2026
Қалалық «Бауыржан оқулары» байқауы өтті
Өскелең ұрпаққа Халық қаһарманы, аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының рухани мұраларын насихаттап, жастардың шығармашылығын шыңдау, оқушының бойында елжандылық қасиетін қалыптастыру, дарынды оқушыларды анықтау мақсатында қалалық «Бауыржан оқулары» байқауы өтті. Байқау бес бағыт бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін сынады. Гимназияның 9 “А” сынып оқушысы Аманәлі Аиля .«Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!» бағыты бойынша ТЕDx форматында
“Әдеп – ұстаз айнасы” челленджіне Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы педагогтері де үн қосты
14
январь
2026
“Әдеп – ұстаз айнасы” челленджіне Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ
“Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастырушы тұлға” айлығы аясындағы Ұстаз әдебі – шәкірт жүрегіне жол табатын асыл қасиет. Әдепті ұстаздың өнегесі арқылы білім тәрбиемен ұштасып, тұлға қалыптасады. Ұстаздың мәдениеті – мектептің рухани келбеті. Осы игі бастаманы жалғастыра отырып, челленджді №26 орта мектепке және Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясына жолдаймыз. Ізгілік пен ұстаздық мәртебені бірге дәріптейік!
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 16 Вперед