28
январь
2026
«Жас сақшы» әскери-патриоттық сыныбының ашылу салтанаты
Гимназияда «Жас сақшы» әскери-патриоттық сыныбының ашылу салтанаты өтті.
Бұл тағылымды шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық рухты, отансүйгіштік қасиетті, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ болашақ мамандыққа бағыт беру.
Салтанатты жиында жас сақшылар Отанға адал болуға, міндеттерін бұлжытпай орындауға Ант қабылдады. Шараға Жамбыл облысы полиция департаментінің жеке құрамы жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Ғалым Русланұлы Уразбеков, Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ардақ Тілегенұлы Мадимаров, Тараз қаласы білім бөлімінің бас маманы Қайрат Исаұлы Үкібасов, Тараз қаласының Құрметті азаматы, қазақ күресі федерациясының құрметті қызметкері Жетпісбай Медеуұлы Медеуов пен ата-аналар қатысып, жас ұрпаққа ізгі тілектерін білдірді.
«Жас сақшы» сыныбы – тәртіпті, саналы, елжанды ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама. Бұл жоба – ел болашағына салынған берік негіз.
Еліне қызмет ету – ердің парызы!
Жас сақшыларға сәттілік, биік рух пен жарқын болашақ тілейміз!