«Оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамытуда жасанды интеллект құралдарын қолдану» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамытуда жасанды интеллект құралдарын қолдану» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті
29
январь
2026

«Оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамытуда жасанды интеллект құралдарын қолдану» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті

https://youtube.com/shorts/_zqGQR4XAjI?feature=share

Семинардың негізгі мақсаты – оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын (талдау, салыстыру, интерпретация, себеп–салдарлық байланыс орнату, дәлелдеу) дамытуда жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын айқындау және оларды оқу үдерісіне жүйелі түрде енгізу.
Семинар барысында қатысушылар назарына тарих пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауының жеңімпазы
Лаубай Тоғжан Құралбайқызының озық педагогикалық тәжірибесі ұсынылды.
Семинар жұмысына А.А. Халымбетова, Тараз қаласы білім бөлімінің тарих пәнінің әдіскері қатысып, іс-шараның мазмұндық бағыты мен әдістемелік өзектілігіне кәсіби тұрғыда баға берді.
Гимназия мұғалімдері Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы пәндерінен жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып ашық сабақтар көрсетіп, тарихи деректермен жұмыс істеудің, талдау мен интерпретация жасаудың заманауи тәсілдерімен бөлісті.
Сонымен қатар семинар аясында қатысушылардың жасанды интеллект құралдарын қолдану дағдылары жетілдіріліп, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған практикалық тапсырмалар ұсынылды.
Бұл өз кезегінде мұғалімдердің заманауи технологияларды сабақта саналы әрі мақсатты қолдануына мүмкіндік берді.
Семинар-практикум нәтижесінде педагогтер үшін тәжірибе алмасудың тиімді алаңы қалыптасып, жасанды интеллектіні тарих сабағында қолданудың практикалық, қолжетімді әрі нәтижелі жолдары айқындалды.
Іс-шара тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалануға бағытталған кәсіби шеберлігін жетілдіруге жағдай жасады.
Мұндай форматтағы іс-шаралар тарих пәнін оқытуда:
– оқушыны жай ғана ақпарат қабылдаушы емес,
– ойлай алатын, дәлел келтіре білетін,
– тарихи пайымы қалыптасқан саналы тұлға ретінде тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив