16
февраль
2026
Мектебімізде оқушылар мен мұғалімдердің ашық сұхбатына негізделген PODCAST жобасы өз жұмысын бастады
Мектебімізде оқушылар мен мұғалімдердің ашық сұхбатына негізделген подкаст жобасы өз жұмысын бастады. Жобаның мақсаты – ұстаз бен оқушы арасындағы диалог мәдениетін дамыту, өмірлік құндылықтарды дәріптеу, білім алушыларға мотивация мен бағыт-бағдар беру.
Алғашқы шығарылым тақырыбы: «Жүрекке жол салған ұстаз» Жүргізуші – 5-сынып оқушысы Жамбылқызы Айбике.
Қонақ – бастауыш сыныптың тәжірибелі ұстазы Балтабаева Нұрипа Тоғайбайқызы.
Эпизод барысында алғашқы мұғалімнің бала өміріндегі орны, бастауыш білімнің маңызы және ұстаздық жолдағы тағылымды тәжірибелер жайлы әңгіме өрбіді.
Бұл шығарылым әр оқушыға өз алғашқы ұстазын еске алып, алғыс айтуға себеп болады деп сенеміз!