Эксперимент алаңы » Страница 9 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
7-сынып оқушылармен оқырмандар конференциясы өтті
25
декабрь
2025
7-сынып оқушылармен оқырмандар конференциясы өтті
Даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Бауыржан Момышұлы ізі- ерлік жолы» тақырыбында 7-сынып оқушылармен оқырмандар конференциясы өтті. Оқушылар жазушының «Музей апа», «Н...», «Өті адалдың еті арам ба?» ,”Бата” әңгімелері мен «Ардақты Мұхтар аға!», «Оңдасынов жолдасқа»,» Тіл туралы» сынды хаттарын оқып, слайд, постер түрінде талдады. Нақыл сөздерін жатқа айтты. Б.Момышұлы шығармаларының желісімен иллюстрациялық сурет салып, қорғады.
Ерлік сабағы – фильмотерапия арқылы рухани тәрбие
24
декабрь
2025
Ерлік сабағы – фильмотерапия арқылы рухани тәрбие
5-сынып оқушыларымен фильмотерапия жобасы аясында халқымыздың даңқты ұлы, батыр қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының ерлік жолына арналған «Ерлік сабағы» өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар батырдың өмірі мен майдандағы ерлігі туралы бейнематериалдар тамашалап, оның қайсар мінезі, отансүйгіштігі мен адамгершілік құндылықтары жайлы ой бөлісті. Фильм арқылы берілген тағылымды ойлар балалардың жүрегіне жол тауып, патриоттық рухты арттырды. Мұндай тағылымды сабақтар жас ұрпақты елін сүюге,
Оқушылар арасында «Каратэнің әдіс-тәсілдерін жетілдіру» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды
22
декабрь
2025
Оқушылар арасында «Каратэнің әдіс-тәсілдерін жетілдіру» атты спорттық
Даңқты қолбасшы батыр, жазушы Б. Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай оқушылар арасында «Каратэнің әдіс-тәсілдерін жетілдіру» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты: -жасөспірімдердің физикалық дайындығын арттыру, -тәртіп пен төзімділікті қалыптастыру, -батырдың ерлік рухын спорт арқылы дәріптеу. Каратэ – тек спорт емес, ол тәртіп, сабыр және жеңіске деген жігер. Батыр аманатына адал ұрпақ өссін! «Тәртіпке бағынған құл болмайды!»
Психологиялық тренинг өткізілді
22
декабрь
2025
Психологиялық тренинг өткізілді
5-сынып оқушылары арасында «Дос болайық, ренжітпейік!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне қолдау, құрмет, сыйластық танытуға тәрбиелеу. 
Қазақ халқының даңқты ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған тағылымды әрі мазмұнды іс-шара өтті
19
декабрь
2025
Қазақ халқының даңқты ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы Бауыржан
«Батырдың ізімен: Москва үшін шайқас» атты байқау барысында оқушылар батырдың өмірі мен шығармашылығын терең танып, «Москва үшін шайқас» шығармасы арқылы ерлік, отансүйгіштік, қайсарлық рухын сезіне білді. Байқау 3 кезең бойынша өтті: 🔹 «Ақыл додасы» – білім мен логиканы сынау; 🔹 «Ерлік көрінісі» – сахналық шеберлік пен батырлық рух; 🔹 «Ұлы батырға арнау» – шығармашылық ізденіс пен жүрек сөзі. Әділқазылар алқасының шешімімен: 🏆 БАС ЖҮЛДЕ – 8 «Ә» І орын - 8 «Д» ІІ орын - 8 «В», «Е» ІІІ орын - 8
Шахмат турнирі өтті
19
декабрь
2025
Шахмат турнирі өтті
Ерлік пен парасат тоғысқан турнир ️ Даңқты қолбасшы, жазушы, ұлт рухының символы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шахмат турнирі жоғары деңгейде өтті. Бұл турнир – тек зияткерлік сайыс қана емес, батырдың ерлікке толы өміріне тағзым, ой мен стратегияны шыңдаған рухани дода, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін маңызды шара болды. Барлық қатысушыларға сәттілік, жеңімпаздарға құттықтау! Батыр рухы – мәңгі жүрегімізде!
6-сынып оқушылары Тәуелсіз Қазақстанның тарихына квес форматында саяхат жасады
19
декабрь
2025
6-сынып оқушылары Тәуелсіз Қазақстанның тарихына квес форматында
Тарихи тапсырмалар, мемлекеттік рәміздер, ұлы тұлғалар мен командалық жұмыс – барлығы да оқушылардың білімін шыңдап, патриоттық рухын арттырды. Егемен елдің болашағы – білімді ұрпақ! Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! 
«Жасанды интеллект көмегімен гидросфераның құрамын, қасиеттерін және маңызын талдау» тақырыбында танымдық викторина өтті
17
декабрь
2025
«Жасанды интеллект көмегімен гидросфераның құрамын, қасиеттерін және
Іс-шара барысында оқушылар гидросфера ұғымы, жер бетіндегі сулардың түрлері мен мөлшері туралы білімдерін тереңдетіп, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, қызықты тапсырмаларды орындады.  Викторина кезеңдері: 🔹 «Сұрақтар мен жауаптар» сайысы 🔹 Капитандар сайысы 🔹 Жұмбақтар сайысы 🔹 «Өзен мен көлдің бөліктері» байқауы Бұл іс-шара оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, танымдық қызығушылығын арттырып, экологиялық сананы қалыптастыруға, өз жеріміздің су ресурстарына
2-сынып оқушылары арасында бес асық ойынынан жарыс өтті
15
декабрь
2025
2-сынып оқушылары арасында бес асық ойынынан жарыс өтті
Іс-шара арқылы оқушылар ұлттық құндылықтарды ұлықтауға мүмкіндік алды. Бес асық ойынына қызығушылық артты, оқушылардың зейінін, ептілігін, қол икемділігі жетілдірілді. Қатысушылар дипломдармен марапатталды.
“Менің сыныбым ең досшыл” бейнеролик байқауының жеңімпаздары анықталды!
12
декабрь
2025
“Менің сыныбым ең досшыл” бейнеролик байқауының жеңімпаздары
Әр бейнероликтен оқушылардың бірлігі, ұйымшылдығы мен шынайы достығы анық көрінді. I орын – 5 “А” II орын – 5 “Е”, 5 “В” III орын – 5 “Ә”, 5 “Г”, 5 “Ж”, 5 “Д” Белсенділік пен ұйымшылдық танытып, достықты жарқын бейнелегендеріңізге алғыс!