Эксперимент алаңы » Страница 5 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
5-сынып оқушыларымен тәрбиелік мәні зор қысқаметражды фильм көрсетіліп, мазмұнды талқылау жұмыстары жүргізілді
03
апрель
2026
5-сынып оқушыларымен тәрбиелік мәні зор қысқаметражды фильм
Фильм арқылы оқушылар адалдық, достық, еңбекқорлық сияқты адам өміріндегі маңызды құндылықтардың мәнін тереңірек түсінді. Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға бере отырып, өмірде дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығын ұғынды. Сабақ барысында: – фильм мазмұны талданды – оқушылар өз ойларын еркін жеткізді – жағдаяттық сұрақтарға жауап берді – мақал-мәтелдер арқылы қорытынды жасалды 
7–9 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті
02
апрель
2026
7–9 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті
Оқушылар ойын барысында белсенділік танытып, өз ептіліктері мен жылдамдықтарын көрсете білді. Жарыс қорытындысы: 9-сыныптар – I орын 8-сыныптар – II орын 7-сыныптар – III орын Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! 
“Эмоционалды тұрақтылық – кәсіби тұлғалық өсу” тақырыбында тренинг өтті
02
апрель
2026
“Эмоционалды тұрақтылық – кәсіби тұлғалық өсу” тақырыбында тренинг
Гимназиямызда Турдалиева Ш.Т. ұйымдастыруымен “Эмоционалды тұрақтылық – кәсіби тұлғалық өсу” тақырыбында мазмұнды тренинг өтті. Тренинг барысында қазіргі білім беру кеңістігінде аса өзекті болып отырған эмоционалды тұрақтылық ұғымы жан-жақты қарастырылды. Мұғалімдер эмоцияны басқару, сынға дұрыс көзқарас қалыптастыру және ішкі ресурсты толықтыру жолдарымен танысты. Практикалық жаттығулар арқылы қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы әдіс-тәсілдер алды. 
Гимназиямызда білім алушылар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
18
март
2026
Гимназиямызда білім алушылар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
Бұл сайыс оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталды. Жарысқа 1–4 және 5–6 сынып оқушылары белсене қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Оқушылардың зияткерлік қабілеті, ұқыптылығы мен әділдікке деген көзқарасы анық байқалды. Әр қатысушы жеңіске деген жігерін танытып, шынайы бәсекелестік рухын сезінді. Нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орын иегерлері дипломдармен марапатталды.
”Podcast” жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар – ұлттың рухани негізі» тақырыбында мазмұнды сұхбат өтті.
17
март
2026
”Podcast” жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар – ұлттың рухани негізі»
Бұл шығарылымда ұлттық құндылықтардың мәні, оның тарихпен байланысы және қазіргі замандағы маңызы кеңінен талқыланды. Подкаст қонағы – тәжірибелі ұстаз, тарих пәнінің мұғалімі Талғат Юсупджанұлы өз ойымен бөлісіп, оқушыларға рухани құндылықтарды сақтаудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, жас ұрпақтың ұлттық болмысты күнделікті өмірде қалай қолдана алатыны туралы нақты мысалдар келтірілді. Подкаст барысында: — Ұлттық құндылықтардың мәні ашылды — Жастардың рөлі туралы пікірлер айтылды —
Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – ұлттық құндылықтар айнасы» атты зияткерлік сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді
17
март
2026
Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – ұлттық құндылықтар айнасы» атты
[media=https://youtube.com/shorts/gWJOoA0IBVw?feature=share] Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы білімдерін кеңейту, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ ойлау қабілеті мен тапқырлығын дамыту болды. Сайыс барысында қатысушылар «Ұлттық мұра», «Сөздің көркі – мақал», «Көнерген сөздер сыры» кезеңдері бойынша өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті. Оқушылар ұлттық киімдер, тағамдар, мақал-мәтелдер және көнерген сөздер бойынша сұрақтарға жауап
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты танымдық сабақ
17
март
2026
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты танымдық сабақ
Қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен мәдениетін дәріптеу мақсатында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар Наурыз мерекесінің тарихымен танысып, оның мәні мен маңызы туралы мәлімет алып, мақал-мәтелдер айтты. ✨ Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, береке мен бірліктің мерекесі. Баршаңызға Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
«Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен тренинг өткізілді
17
март
2026
«Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен тренинг
Мақсаты: оқушыларға бала құқықтары туралы түсінік беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу. 🔹Тренинг барысында оқушыларға бала құқықтары, заң алдындағы жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, бала құқығын қорғаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдайлар талқыланып, мысалдар келтірілді.
5-сынып оқушыларымен «Сенімділік күш береді» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды
16
март
2026
5-сынып оқушыларымен «Сенімділік күш береді» тақырыбында тренинг
Тренингтің мақсаты: оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге үйрету және бір-біріне қолдау көрсетуге баулу. 
“Bilimall” жобасы аясында химия пәнінен 7-сынып оқушылары арасында интеллектуалды ойын-сайыс өткізілді
16
март
2026
“Bilimall” жобасы аясында химия пәнінен 7-сынып оқушылары арасында
Сайыстың мақсаты – оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, білімдерін тереңдету және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сайысқа 7«Б», 7«В», 7«Г», 7«Ж» сыныптарының оқушылары қатысты. Сайыс кезеңдері: 1. «Тапқыр химик» 2. «Формулалар сөйлесін» 3. «Есептер сыры» Сайыс нәтижесі бойынша орындар төмендегідей анықталды: I орын – 7 «Ж» сыныбы II орын – 7 «Б» сыныбы III орын – 7 «В» және 7 «Г» сыныптары