17
март
2026
«Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен тренинг өткізілді
Мақсаты: оқушыларға бала құқықтары туралы түсінік беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу.
🔹Тренинг барысында оқушыларға бала құқықтары, заң алдындағы жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, бала құқығын қорғаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдайлар талқыланып, мысалдар келтірілді.