23
февраль
2026
Дөңгелек үстел ұйымдастырылды
«Тайм-менеджмент: Уақытты тиімді басқарудың құпиялары» тақырыбында 6-сынып жас лидерлерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
🔸 Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға уақытты дұрыс жоспарлау, күн тәртібін тиімді құру және бос уақытты пайдалы өткізу дағдыларын қалыптастыру.
🔸 Дөңгелек үстел барысында оқушылар уақытты басқарудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісіп, күнделікті өмірде уақытты үнемдеу жолдарын талқылады.
🔸 Сонымен қатар, уақытты жоспарлау әдістері, мақсат қою, приоритеттерді анықтау және кешіктіру әдетінен арылу туралы мысалдар келтірілді. Практикалық бөлімде оқушылар өздерінің бір күндік жоспарларын жасап, оны қорғады.
Іс-шара нәтижесінде оқушылар уақытты тиімді пайдаланудың маңыздылығын түсініп, болашақта өз уақыттарын дұрыс жоспарлауға ынталанды.
Жауапты: “Жас лидер” үйірме жетекшісі А.А. Рахманбердиева