Эксперимент алаңы » Страница 4 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты танымдық сабақ
17
март
2026
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты танымдық сабақ
Қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен мәдениетін дәріптеу мақсатында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар Наурыз мерекесінің тарихымен танысып, оның мәні мен маңызы туралы мәлімет алып, мақал-мәтелдер айтты. ✨ Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, береке мен бірліктің мерекесі. Баршаңызға Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
«Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен тренинг өткізілді
17
март
2026
«Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында 7-сынып оқушыларымен тренинг
Мақсаты: оқушыларға бала құқықтары туралы түсінік беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу. 🔹Тренинг барысында оқушыларға бала құқықтары, заң алдындағы жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, бала құқығын қорғаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдайлар талқыланып, мысалдар келтірілді.
5-сынып оқушыларымен «Сенімділік күш береді» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды
16
март
2026
5-сынып оқушыларымен «Сенімділік күш береді» тақырыбында тренинг
Тренингтің мақсаты: оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге үйрету және бір-біріне қолдау көрсетуге баулу. 
“Bilimall” жобасы аясында химия пәнінен 7-сынып оқушылары арасында интеллектуалды ойын-сайыс өткізілді
16
март
2026
“Bilimall” жобасы аясында химия пәнінен 7-сынып оқушылары арасында
Сайыстың мақсаты – оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, білімдерін тереңдету және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сайысқа 7«Б», 7«В», 7«Г», 7«Ж» сыныптарының оқушылары қатысты. Сайыс кезеңдері: 1. «Тапқыр химик» 2. «Формулалар сөйлесін» 3. «Есептер сыры» Сайыс нәтижесі бойынша орындар төмендегідей анықталды: I орын – 7 «Ж» сыныбы II орын – 7 «Б» сыныбы III орын – 7 «В» және 7 «Г» сыныптары 
“TALQILIKE” жобасы аясында 7 “Е” сыныбы Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романын талдады
13
март
2026
“TALQILIKE” жобасы аясында 7 “Е” сыныбы Міржақып Дулатұлының
Оқушылар шығарма арқылы әйел тағдыры, ескі салттың зардабы және адам еркіндігі мәселелері жайында пікір білдіріп, кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасады. Талқылау барысында өз ойларын еркін айтып, шығармадағы оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыра білді.
5-сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тренинг өткізілді
13
март
2026
5-сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында
Тренингтің мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылықтың мәнін түсіндіру, бір-біріне құрметпен қарап, мейірімді болуға тәрбиелеу. 
“TALQILIKE” жобасы аясында 7 “Ж” сыныбы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін талдады
04
март
2026
“TALQILIKE” жобасы аясында 7 “Ж” сыныбы қазақ әдебиетінің көрнекті
Оқушылар шығарма арқылы ата-ана мен бала арасындағы рухани байланыс, перзенттік парыз және туған жердің қадірі жайында пікір білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасап, бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, өз көзқарастарын ашық жеткізді.
Ана – мейірім мен махаббат
04
март
2026
Ана – мейірім мен махаббат
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 5-сынып оқушыларымен «Ана – мейірім мен махаббат» атты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор интерактивті іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар 8 наурыз мерекесінің тарихымен танысып, викториналық сұрақтарға белсене жауап берді. Сонымен қатар, жағдаяттық тапсырмаларды орындап, ананың, әйелдің отбасындағы және қоғамдағы рөлі туралы ой бөлісті. Оқушылар аналарына және бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сыйластық пен мейірімділіктің маңызын сезіне білді
«Big ideas. Made in the UK” тақырыбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ақылбаева Айгерім Есмағанбетқызы 11-сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті.
03
март
2026
«Big ideas. Made in the UK” тақырыбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
2026ж. 27-ақпан күні гимназиямызда Жамбыл облысы әкімдігінің, білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы және Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы ұйымдастыруымен «Бала тұлғасын дамытуда мектептің, білім беру кеңістігін құрастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар табысты өтті. 🔰 Семинардың мақсаты - бала тұлғасын дамытуға бағытталган мектептің білім беру кеңістігін психологиялық - педагогикалық тұрғыдан
«Жас тілші» жобасы аясында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар қатысушылармен сұхбат алынды
03
март
2026
«Жас тілші» жобасы аясында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар
«Жас тілші» жобасы аясында 11 "В" сынып оқушысы Жұмахан Анар облыстық ғылыми-тәжірибелік семинардың мазмұнды сәттерін көрсетіп, қатысушылармен сұхбаттасып, олардың ой-пікірлерін білді.