10
апрель
2026
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай 6-сынып оқушыларымен танымдық сыныптан тыс іс-шара өтті
«Ғарыш көрген 3 қазақ»
Іс-шараның мақсаты:
Оқушыларға қазақтан шыққан ғарышкерлер туралы жан-жақты мағлұмат беру, олардың ерлігі мен жетістіктерін насихаттау арқылы оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкерлер туралы тың мәліметтер алып, олардың ерлігі мен еңбегімен танысты.
«Білім шыңы» кезеңінде оқушылар сұрақтарға жауап беріп, білімдерін көрсетті
Паззл құрастыру арқылы ғарышкерлердің бейнесін жинап, постер қорғады
«Ғарышқа саяхат» бөлімінде қызықты ойындар ойнап, белсенділік танытты.
Бұл іс-шара оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырып, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға ықпал етті