02
апрель
2026
“Эмоционалды тұрақтылық – кәсіби тұлғалық өсу” тақырыбында тренинг өтті
Тренинг барысында қазіргі білім беру кеңістігінде аса өзекті болып отырған эмоционалды тұрақтылық ұғымы жан-жақты қарастырылды.
Мұғалімдер эмоцияны басқару, сынға дұрыс көзқарас қалыптастыру және ішкі ресурсты толықтыру жолдарымен танысты. Практикалық жаттығулар арқылы қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы әдіс-тәсілдер алды.