Эксперимент алаңы » Страница 11 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
“TALQILIKE” жобасы аясында “Интернат наны” әңгімесі талқыланды
22
ноябрь
2025
“TALQILIKE” жобасы аясында “Интернат наны” әңгімесі талқыланды
“TALQILIKE” жобасы аясында 7 “Б” сыныбы Шерхан Мұртазаның әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор “Интернат наны” әңгімесін талқылады. Оқушылар шығармадағы интернат өмірінің шынайы суреттерін, жеткіншектердің сезім әлемін және нанның қадір-қасиеті арқылы берілген тәрбиелік ойды ашып көрсетті. 🔹 Кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас талданды 🔹 Оқушылар әр эпизодтан алған әсерлерімен бөлісті
“Ашық микрофон” жобасы аясында оқушылар үзіліс уақытында
20
ноябрь
2025
“Ашық микрофон” жобасы аясында оқушылар үзіліс уақытында
https://youtube.com/shorts/-Twy-V7LUP4?feature=share https://youtube.com/shorts/dHMuvljPw0k?feature=share https://youtube.com/shorts/62pJAjBlqtY?feature=share https://youtube.com/shorts/Ws5gVTOHfCc?feature=share “Ашық микрофон” жобасы аясында оқушылар үзіліс уақытында “Сізге мектептегі қай мұғалім ерекше ұнайды? Неліктен?” деген сұраққа жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті. Жобаның мақсаты: • Оқушылардың еркін сөйлеу, ойды жүйелі жеткізу дағдысын дамыту; • Мектеп ішінде ашық, достық атмосфера
“Who Knows the English World Best?” атты интеллектуалды сайыс
20
ноябрь
2025
“Who Knows the English World Best?” атты интеллектуалды сайыс
7“Д” сыныбымен “Who Knows the English World Best?” атты интеллектуалды сайыс өтті! Бұл іс-шара “BilimAll” жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: • Ағылшын тілінде жылдам ойлау, тыңдау және сөздік қорды дамыту; • Топтық жұмыс, көшбасшылық және коммуникативтік дағдыларды дамыту; • Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы жалпы мәдени білімдерін кеңейту. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1️⃣ Spelling Bee – “Build the Word” 2️⃣ Jeopardy интеллектуалдық ойыны 3️⃣ 4 pics 1 word Оқушылар белсенді
5-сынып оқушыларымен “Отбасы қарым-қатынасының маңызы” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды
19
ноябрь
2025
5-сынып оқушыларымен “Отбасы қарым-қатынасының маңызы” тақырыбында
Мақсаты: оқушыларға отбасының рөлін түсіндіру, дұрыс қарым-қатынастың негізін қарастыру, жақын адамдармен байланысымызды нығайту жолдарын анықтау. Дөңгелек үстел барысында: • Отбасындағы өзара сыйластық туралы пікірлер айтылды; • Тыңдай білу мәдениеті талқыланды; • Жақындармен жылы сөйлесудің маңызы мысалдар арқылы түсіндірілді; • Оқушылар өз отбасылары жайлы әсерлі ойларымен бөлісті.
”Ашық микрофон” жобасы
19
ноябрь
2025
”Ашық микрофон” жобасы
https://youtube.com/shorts/urtP2jqM-GQ?feature=share ”Ашық микрофон” жобасы аясында оқушылар үзіліс уақытында “Сізге мектептегі қай мұғалім ерекше ұнайды? Неліктен?” деген сұраққа жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті. Жобаның мақсаты: • Оқушылардың еркін сөйлеу, ойды жүйелі жеткізу дағдысын дамыту; • Мектеп ішінде ашық, достық атмосфера қалыптастыру; • Әр оқушыға өз ойын айтуға, пікір білдіруге мүмкіндік беру; • Құндылықтарға тәрбиелеу: достық, отансүйгіштік, отбасы, ұстазға құрмет. 
“Жусан иісі” шығармасы
17
ноябрь
2025
“Жусан иісі” шығармасы
“TALQILIKE” жобасы аясында 7“Ә” сыныбы Сайын Мұратбековтың “Жусан иісі” шығармасын талқылады. Оқушылар әңгімедегі соғыс жылдарының ауыртпалығы, Аян бейнесі және туған жердің сағынышын білдіретін жусан иісінің мәнін өз көзқарастарымен ашып көрсетті. Кейіпкерлер мінезіне талдау жасалды. Соғыс кезіндегі балалар тағдыры туралы ой бөлісті. Әр оқушы өзіне әсер еткен тұсын айтып, пікір алмасу жүргізді.
«TALQILIKE» жобасы аясында 7 “А” сыныбымен әдеби талқылау өтті
14
ноябрь
2025
«TALQILIKE» жобасы аясында 7 “А” сыныбымен әдеби талқылау өтті
Оқушылар қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі болған ағартушының өнегелі әңгімелерін оқып, олардың тәрбиелік мәнін өз көзқарастарымен жеткізді.  Әр оқушы өзіне ұнаған шығармадан өмірлік сабақ алды. Кейіпкерлер әрекеттеріне талдау жасап, мінез ерекшеліктерін салыстырды Жақсылық, еңбексүйгіштік, адамгершілік секілді құндылықтарды талқылады Топтық жұмыс арқылы ой бөлісіп, пікір айту мәдениетін дамытты Алтынсарин шығармалары – жас буынның жүрегіне жол табатын, адамдыққа баулитын асыл
«Теңгем – тәуелсіздігімнің нышаны» атты викторина өтті
14
ноябрь
2025
«Теңгем – тәуелсіздігімнің нышаны» атты викторина өтті
Қазақстанның ұлттық валютасы–теңгенің тарихы мен құндылығын танытуға арналған викторина ұйымдастырылды. Оқушылар ұлттық валютамыздың енгізілуінен бастап, банкноттардағы тарихи тұлғалар мен символдардың мән-мағынасына дейін көптеген қызықты ақпараттармен танысты.
5-сынып оқушыларымен “Теңге – ұлт мақтанышы” атты танымдық ойын сабағы өтті
13
ноябрь
2025
5-сынып оқушыларымен “Теңге – ұлт мақтанышы” атты танымдық ойын
Ұлттық валютаның маңызын ұғындыру, туған елге деген құрмет пен патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында 5-сынып оқушыларымен “Теңге – ұлт мақтанышы” атты танымдық ойын сабағы өтті. Оқушылар ұлттық теңгенің тарихымен, белгілерімен танысып, қызықты сұрақтарға жауап беріп, ойындар арқылы өз білімдерін сынады.
6-сынып оқушыларымен «Қауіпсіз орта – жарқын болашақ» тақырыбында тренинг өткізілді
10
ноябрь
2025
6-сынып оқушыларымен «Қауіпсіз орта – жарқын болашақ» тақырыбында
Мақсаты: Оқушылардың қауіпсіздік туралы түсініктерін кеңейту, өмірде өздерін қауіпсіз сезінуіне ықпал ету, түрлі жағдайларды ажырата білуге және дұрыс әрекет етуге үйрету. Тренинг барысында “Жылыту” жаттығуы, “Шаттық шеңбері», «Қауіпсіз орта дегеніміз не?» (топтық постер жасау) «Сенім көпірі», «Сиқырлы айна» ойын-жаттығулары өткізілді. Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Сұрақ-жауап кезеңі өткізіліп, кері байланыс берілді.