Эксперимент алаңы » Страница 14 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
“TALQILIKE” жобасы аясында Ш.Айтматовтың “Ақ кеме” шығармасын талқылау
17
апрель
2025
“TALQILIKE” жобасы аясында Ш.Айтматовтың “Ақ кеме” шығармасын талқылау
“TALQILIKE” жобасы аясында 7“Г” сыныбы Ш.Айтматовтың “Ақ кеме” шығармасын талқылады. Талқылау барысында оқушылар шығарманың негізгі ойын ашып, кейіпкерлердің әрекеттеріне сыни тұрғыда баға берді. Оқушылар “Ақ кемені” үміт пен арманның белгісі ретінде қарастырып, әр оқушы өз көзқарасын білдіру арқылы шығарманың мазмұнын терең түсінуге тырысты. 
«Бейбіт күн — батырлар сыйы» тақырыбында ашық аспан астында сурет салу байқауы өтті.
14
апрель
2025
«Бейбіт күн — батырлар сыйы» тақырыбында ашық аспан астында сурет
Жеңіс күніне 80 жыл толуына орай Жеңіс саябағында 7-сыныптар арасында «Бейбіт күн — батырлар сыйы» тақырыбында ашық аспан астында сурет салу байқауы өтті. Оқушылар саябақ ішін аралап, ондағы ескерткіштермен және тарихи нысандармен танысты. Байқау барысында қатысушылар тақырып аясында сурет салып, бейбіт өмір мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін бейнелеуге тырысты. Іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін оятып, тарихқа деген қызығушылығын арттырды. Байқауға қатысушылар I, II, III дәрежелі
10-сыныптар арасында “Ел таныған тұлғалар” тақырыбындағы интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.
11
апрель
2025
10-сыныптар арасында “Ел таныған тұлғалар” тақырыбындағы
Мақсаты: оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық ,ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу. Нәтижесінде:  І орынмен 10 Ә “Алтын” тобы, ІI орынмен 10 В “Ұлы Дала рухы” тобы, ІІІ орынмен 10 А “Жас қазақ” тобы марапатталды.
8-сынып оқушыларымен “Мені... толғандырады” тақырыбында тренинг өткізілді.
11
апрель
2025
8-сынып оқушыларымен “Мені... толғандырады” тақырыбында тренинг
Тренинг кезеңдері: І. Неліктен толғану маңызды? ІІ. Толғаныстарды түсіну ІІІ. Өз ішкі сезімдерімен жұмыс істеу ІV. Өз - өзіңді бағалау және көмек сұрау “Мені толғандырады” жаттығуы алынып, білім алушылар көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алып, қорқыныштары сейілді. «Достық, сенім, сүйіспеншілік» сөзінің мән-мағынасын толық аша білді. Тренинг соңында болашақ мамандықтары туралы өз ойларын ортаға салды.
Жеңістің 80 жылдығына орай “Ұлы жеңіс жолында” атты викторина ұйымдастырылды.
10
апрель
2025
Жеңістің 80 жылдығына орай “Ұлы жеңіс жолында” атты викторина
Іс-шара үзіліс уақытында өткізіліп, оқушылар Ұлы Отан соғысына қатысты сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Сонымен қатар, соғыс тақырыбындағы әдебиеттерден арнайы көрме ұйымдастырылып, оқушылар назарына ұсынылды. 
“Ғарышқа қанат қақ” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
10
апрель
2025
“Ғарышқа қанат қақ” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
4-сынып оқушыларымен “Ғарышқа қанат қақ” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. «Ғарышкер болу – арман мен еңбек» кезеңінде оқушылар тілдік нормаларды сақтай отырып, диалог құрау арқылы ғарышкер болу жолындағы армандар мен еңбекті сипаттады. «Ғарыш әлеміне үңіл!» кезеңінде ғарышқа байланысты түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Бұл іс-шара оқушылардың қиялын, шығармашылығын, топпен жұмыс істеу дағдыларын арттырды. 
“TALQILIKE” жобасы аясында 7“В” сынып оқушылары С.Мұратбековтің “Жусан иісі” шығармасын талдады.
07
апрель
2025
“TALQILIKE” жобасы аясында 7“В” сынып оқушылары С.Мұратбековтің
 Әңгіме желісі бойынша оқушылар соғыс жылдарындағы ауыл өмірін, балалық шақтың қиындықтарын, сағыныш пен үмітке толы сезімдерді талқылап, Аян бейнесі арқылы адамгершілік, мейірім, төзімділік ұғымдарына тоқталды. Шара барысында оқушылар өз ой-пікірлерін еркін жеткізіп, көркем шығарманың терең мазмұнын ашуға тырысты. Әңгімеден алған әсерлерін пікірталас, сұрақ-жауап арқылы көрсетті.
Фильмотерапия
03
апрель
2025
Фильмотерапия
Фильмотерапия: тәрбие мен танымның тиімді әдісі 6-сынып оқушыларына «Лаула» фильмі көрсетілді. Фильмотерапия – кино арқылы адам жандүниесін зерттеу, ойландыру, рухани жетілуіне көмектесу тәсілі. «Лаула» фильмі арқылы оқушылар өмірлік құндылықтарды, жанашырлықты, батылдықты сезіне отырып, өз ойларын ортаға салды. Фильмнен кейін пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар алған әсерлерімен бөлісті.
«Авторлық бағдарлама жазудың талаптары мен әдістемесі» тақырыбында семинар
28
март
2025
«Авторлық бағдарлама жазудың талаптары мен әдістемесі» тақырыбында
Әдістемелік қолдау көрсету мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің педагогтері Игиликова Г. И. және Мыханова Ж.Б. гимназия мұғалімдеріне «Авторлық бағдарлама жазудың талаптары мен әдістемесі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында авторлық бағдарлама жазу ережелері, құрылымы мен рәсімдеуіне қойылатын талаптармен таныстырды. Семинар соңындағы кері байланыста мұғалімдер өздерін ойландырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай 5-6 сыныптар арасында бес асық, тоғызқұмалақ ойындары бойынша жарыс ұйымдастырылды
20
март
2025
Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай 5-6 сыныптар арасында бес асық,
Ұлттық ойындар – ұрпақ мұрасы Қазақ халқының ұлттық ойындары–ата-бабадан жеткен асыл мұра, рухани байлықтың бір бөлігі. Соның ішінде “бес асық” пен “тоғызқұмалақ” ойыны ерекше орын алады. 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай 5-6 сыныптар арасында бес асық, тоғызқұмалақ ойындары бойынша жарыс ұйымдастырылды. Мақсаты: - қазақ халқының ұлттық ойындарын ел арасында кеңінен насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру; - үздік ойыншыларды анықтау. - спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті