“Эмоционалды тұрақтылық – кәсіби тұлғалық өсу” тақырыбында тренинг
Гимназиямызда Турдалиева Ш.Т. ұйымдастыруымен “Эмоционалды тұрақтылық – кәсіби тұлғалық өсу” тақырыбында мазмұнды тренинг өтті. Тренинг барысында қазіргі білім беру кеңістігінде аса өзекті болып отырған эмоционалды тұрақтылық ұғымы жан-жақты қарастырылды. Мұғалімдер эмоцияны басқару, сынға дұрыс көзқарас қалыптастыру және ішкі ресурсты толықтыру жолдарымен танысты. Практикалық жаттығулар арқылы қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы әдіс-тәсілдер алды.