23 сәуір - Ұлттық кітап күні қарсаңында гимназияда басталған онкүндік
Бүгін 5 «Ә» сыныбымен ерекше әрі қызықты саяхатқа шықтық — кітаптар әлеміне! Оқушылар үш кезең бойынша өз білімдерін сынға салды: 🔹 «Шығарманы анықта» — шығармаларды мазмұны арқылы тапты 🔹 «Сәйкестендір» — кейіпкерлер мен шығармаларды дұрыс байланыстырды 🔹 «Викторина» — шапшаңдық пен тапқырлықтарын көрсетті Әр топ белсенділік танытып, өзара бәсекеде білімдерін дәлелдей білді. Ойын барысында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы артып, ойлау және сөйлеу дағдылары дамыды.