Материалы за Март 2026 года » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2026 года
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
31
март
2026
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының әкімшілігі сіздерге 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімдерінің өзгергені туралы хабарлайды. 📅Құжаттарды қабылдау республика көлемінде ағымдағы жылдың 27 мамырынан 31 тамызына дейінбекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Жамбыл облысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі 10 маусым мен 31 тамыз аралығы (бұрын 1 сәуірден басталады деп жоспарланған) болып белгіленген. Құжат тапсыруды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.    
«Олимп шыңы» республикалық олимпиадасының жүлдегері
30
март
2026
«Олимп шыңы» республикалық олимпиадасының жүлдегері
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Тілді оқыту үдерісіндегі кең ауқымды дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдары» атты оқу-әдістемелік семинары мен «Олимп шыңы» республикалық олимпиадасына қатысып, ағылшын тілі пәні секциясы бойынша Рахманбердиева Айдана Ахметқызы — ІІІ орын иеленді. Құттықтаймыз! 
«Олимп шыңы» республикалық олимпиадасының жеңімпазы
30
март
2026
«Олимп шыңы» республикалық олимпиадасының жеңімпазы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Тілді оқыту үдерісіндегі кең ауқымды дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдары» атты оқу-әдістемелік семинары мен «Олимп шыңы» республикалық олимпиадасына қатысып, орыс тілі мен әдебиеті пәні секциясы бойынша Лаптева Русудан Элимдаровна — І орын иеленді. Құттықтаймыз!💐 
«Білім беру үдерісіндегі эмоцияларды басқару мәдениеті» тақырыбында семинар өткізілді
27
март
2026
«Білім беру үдерісіндегі эмоцияларды басқару мәдениеті» тақырыбында
2026 жылдың 26 наурыз күні гимназия педагогтеріне «Білім беру үдерісіндегі эмоцияларды басқару мәдениеті» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында пайдалы ақпараттар беріліп, өзекті мәселелер талқыланды. Жауаптылар: Турысбекова Н. М., Мамырова Г. А. 
"Үздік жас маман" мектепішілік байқауы
27
март
2026
"Үздік жас маман" мектепішілік байқауы
Гимназияның жылдық жоспарына сәйкес наурыз айының 2-26 күндері аралығында гимназияның жас мамандары арасында айлық өткізіліп, қорытындысы 26 наурыз күні шығарылды. Жас мамандардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау және оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында 26 наурыз күні «Үздік жас маман» байқауы өткізілді. Жас мамандар байқау
Наурыз көрмесінде гимназиямыздың дарынды оқушылары жобаларын көпшілікке таныстыруда
21
март
2026
Наурыз көрмесінде гимназиямыздың дарынды оқушылары жобаларын
«Digital Nauryz» тақырыбындағы орталық алаңда өтіп жатқан Наурыз көрмесінде гимназиямыздың дарынды оқушылары - Сәтбай Қарақат пен Ержанова Мерей ағылшын тілінде комикс және дубляж жобаларын көпшілікке таныстыруда. Жобаның жетекшісі - Шабденова Аружан
Гимназия педагогтеріне сараптамалық кеңес, авторлық материалдарды әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу тәртібі туралы жаңа ережені таныстырды
19
март
2026
Гимназия педагогтеріне сараптамалық кеңес, авторлық материалдарды
2026 жылы 19 наурыз күні директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Маталиева гимназия педагогтеріне сараптамалық кеңес, авторлық материалдарды әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу тәртібі туралы жаңа ережені таныстырды.
Гимназиямызда білім алушылар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
18
март
2026
Гимназиямызда білім алушылар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
Бұл сайыс оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталды. Жарысқа 1–4 және 5–6 сынып оқушылары белсене қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Оқушылардың зияткерлік қабілеті, ұқыптылығы мен әділдікке деген көзқарасы анық байқалды. Әр қатысушы жеңіске деген жігерін танытып, шынайы бәсекелестік рухын сезінді. Нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орын иегерлері дипломдармен марапатталды.