Ана – мейірім мен махаббат
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 5-сынып оқушыларымен «Ана – мейірім мен махаббат» атты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор интерактивті іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар 8 наурыз мерекесінің тарихымен танысып, викториналық сұрақтарға белсене жауап берді. Сонымен қатар, жағдаяттық тапсырмаларды орындап, ананың, әйелдің отбасындағы және қоғамдағы рөлі туралы ой бөлісті. Оқушылар аналарына және бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сыйластық пен мейірімділіктің маңызын сезіне білді