Гимназиямызда білім алушылар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
Бұл сайыс оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталды. Жарысқа 1–4 және 5–6 сынып оқушылары белсене қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Оқушылардың зияткерлік қабілеті, ұқыптылығы мен әділдікке деген көзқарасы анық байқалды. Әр қатысушы жеңіске деген жігерін танытып, шынайы бәсекелестік рухын сезінді. Нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орын иегерлері дипломдармен марапатталды.