18
март
2025
8-сынып оқушыларымен “Абайды оқы, таңырқа!” тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.

Оқушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қарасөздеріне тақырыптық-идеялық талдау жасады. Ұлы ақынның композиторлық қырын, поэмаларының кейіпкерлерін жан-жақты талдап, күйлерінің шығу тарихымен таныстырды. Конференция соңында ақынның шығармаларының мазмұндық желісімен иллюстарциялық суреттер салды.