25
январь
2024
8-сынып білім алушылары арасында «Абайды оқы, таңырқа!» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді.
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!»
⚜️Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту, ақынның рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру мақсатында 8-сынып білім алушылары арасында «Абайды оқы, таңырқа!» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойынға әр сыныптан 6 оқушыдан құрылған топ қатысты. Ойын төрт кезең бойынша өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Атап айтсақ, «Қазақтың бас ақыны» бағыты бойынша топтар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға ұяшықтардан таңдау арқылы жауап берді. «Өлең – сөздің патшасы» бағыты бойынша қатысушылар автордың туындыларынан үзінді жатқа оқыды. Үшінші кезеңде үй тапсырмасында «Асыл сөзді іздесең...» бағыты бойынша қатысушылар ребусты шешу арқылы Абайдың мақал-мәтелге айналған өлең тармақтарын тапты. «Абай даналығы» бағыты бойынша қатысушылар берілген тақырыптар бойынша ТЕDx форматында өз идеяларын ұсынып, тұжырым жасады. Ойын ережесіне сәйкес ерекше білімдерімен көзге түскен топтар арнайы дипломдармен марапатталды. Атап айтсақ, І орынды 8 «В» сыныбы, ІІ орынды 8 «Д», 8 «Г», ІІІ орынды 8 «А», 8 «Б» сыныптары иеленді.