06
январь
2026
Педагогтермен С.Елубайдың «Ақ боз үй» романының екінші «Мінажат» бөлімі талданды

Гимназия педагогтеріне арналған ReаdХ Time кезінде С.Елубайдың «Ақ боз үй» романының екінші «Мінажат» бөлімі талданды. Қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілдері, қоғамдық пәндер, жаратылыстану бірлестігінің мұғалімдері шығармадағы суреттелген оқиғаны шынайы өмірмен, өмірлік жағдаяттармен және тарихи негізде талдап, өз көзқарастарын білдірді. Шығармадағы суреттелген ашаршылық жылдары мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ халқының демографиялық жағдайы нақты статистикалық мәліметтермен салыстырылды. Сонымен бірге гимназия мұғалімдері адами құндылықтар, қазақ әйелінің қасиеті мен жауапкершілігі мәселелері туралы да талдау жасады.