2025 жылы 29 желтоқсан күні авторлық бағдарламаны дайындауға қойылатын талаптарды пысықтау, гимназия мұғалімдерінің дайындаған авторлық бағдарламалары, әдістемелік құралдары мен авторлық материалдарын талапқа сәйкестендіру мақсатында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, авторлық бағдарламаны зерделеу бойынша облыстық сараптамалық кеңестің мүшесі З.Ахмедова «Авторлық бағдарлама жазуға қойылатын талаптар» тақырыбында семинар өтті. Сонымен бірге, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама-2025» байқауының жүлдегері, математика пәнінің мұғалімі Б.Дауылбаева да «Тәжірибеден нәтижеге дейін» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.