30
декабрь
2025
Тәжірибе мен ізденіс тоғысқан тағылымды іс-шара өтті
Гимназиямыздың педагог-зерттеуші мұғалімдері Балтабаева Нурипа Тогайбаевна мен Тойшыбекова Гүлмира Мырзагелдіқызы
«Тілдік және математика пәндерінің күрделі мақсаттарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларына ұсынылатын тапсырмалар түрлерін қарастыру» тақырыбында өздерінің құнды іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға, пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді тапсырмалар, әдіс-тәсілдер ұсынылды. Әріптестер үшін мазмұнды, тәжірибеге бай, кәсіби тұрғыда пайдалы алаң болды. Ізденіс пен жаңашылдыққа толы еңбектеріңізге табыс тілейміз!