31
октябрь
2024
“Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі”
Дана Абайдың мол мұраларының ішінде шоқтығы биік, ерек мұрасы – қарасөздері. Белгілі ғалым Құлмат Өмірәлиев: «Абай қарасөздерінде адамгершілік тақырыбы жан-жақты, шынайы ашылады», – деп Абайдың адамгершілік, ізгілік тәрбиесін арқау еткен қарасөздеріне шынайы баға берген.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл, – деп дана Абай айтқандай, ұлы ойшылдың қарасөздеріндегі адамгершілік тәрбиесіне қатысты тобықтай түйінді ойды жеткізу мақсатында гимназия мұғалімдері арасында “Оқуға құштар мектеп”жобасы аясында “Абайды оқы, таңырқа” атты брифинг өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: “Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі”, —деп жазған. Кемелдіктің көрінісі іспеттес Абайдың қарасөздерін талдау барысында гимназия мұғалімдері рухани терапия алғаны хақ.
Құрметті кітап сүйер қауым, адамның тұлғалық өсуіне ықпал ететін үш дүние бар: еңбек, кітап, саяхат. Ең қолжетімдісі — кітап. Сана биігіне жетуге көмектесетін кітапты оқудан жалықпайық!