29
февраль
2020
Гимназия қабырғасында "1-наурыз - Алғыс айту күніне" орай «Рақмет саған, Туған ел» атты концерттік бағдарлама өтті.
Гимназия қабырғасында "1-наурыз - Алғыс айту күніне" орай «Рақмет саған, Туған ел» атты концерттік бағдарлама өтті. Атаулы мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде Алғыс айту күнін мерекелеу туралы айтқан болатын. 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан шын мәнінде ұлы жұттан басталған зобалаңнан бастап, одан кейінгі Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерлерінен үдере көшкен сан-мың ұлысқа ортақ шаңырақ болды. Аталған мерекеге арналған іс-шарада білім алушылар алғыстың адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі екенін, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі екеніне тоқталды.
Жауапты: «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері
Жауапты: «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері
