11
апрель
2024
Абай атындағы орталық кітапханасымен бірлесе отырып «Жайықтың ақ шағаласы» атты поэзия кеші ұйымдастырылды


📚 Абай атындағы орталық кітапханасымен бірлесе отырып Қазақтың ақын қызы Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жас мерейтойына орай «Жайықтың ақ шағаласы» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
🔸Мақсаты: кітапхана оқырмандарына қазіргі қазақ поэзиясының белді өкілдерінің бірі, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығымен таныстыру.
🔸Кеш барысында «Жаныңда жүр жақсы адам» бөлімінде әдеби ақпарат берілді. 🔸»Өлең деген құдірет» бөлімінде 7-сынып оқушылары: Тұрысбекова Аделия, Руслан Аруна, Қасымхан Нұрасыл, Мейрамбек Олжас, Ли Алан ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.
🔸Ақынның кітаптарынан «Жайықтың ерке қызы «атты кітап көрмесі жасалып, оқушыларға таныстырылып, оқушылар кітаптарынан өлеңдер оқып, кеш соңында ақынның «Ана әлдиі» кітабына кітапханашы Жақанаева Аңсаған шолу жасады.