12
февраль
2020
12 ақпан күні 4 "Ж" сынып оқушылары Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай "Хакім Абай және рухани жаңғыру" тақырыбында қалалық Абай атындағы орталық кітапханада саяхат сабақ өтті
12 ақпан күні 4 "Ж" сынып оқушылары Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай "Хакім Абай және рухани жаңғыру" тақырыбында қалалық Абай атындағы орталық кітапханада саяхат сабақ өтті. Кітапхана қызметкерлері, гимназия кітапханашысы, сынып жетекшісі оқушыларға ұлы Абайды дәріптеуді, Абай шығармаларын оқуға қызығушылықтарын арттыруды мақсат еткен бұл сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушыларға Абай шығармаларынан көрме ұйымдастырылып, кітапхана қызметкерлері сұхбаттаса отырып сабақ өтсе, оқушылар Абай өлеңін мәнерлеп жарыса жатқа оқыды. Сабақтан соң оқушылар Абай ескерткішіне барып гүлшоғын қойып, Хакім Абайға тағзым етіп, "Көзімнің қарасы" әнін шырқады. Жауапты: сынып жетекшісі: Сеилбаева Нұргүл, кітапханашы: Абдиева Фарида






