05
декабрь
2017
2"Ж" сынып оқушылары Елбасы күнін Абай атындағы кітапханада өткізді.
2"Ж" сынып оқушылары Елбасы күнін Абай атындағы кітапханада өткізді. Кітапхана қызметкерлері оқушылардың жас ерекшелігіне сай "Болашаққа бағдар:рухани жаңғырудың" бағыттарын түсіндіре келе, Елбасымыздың өмір жолы туралы айтып берді. Одан соң балалардың Президентіміз туралы білімдерін тексеріп сұрақтар қойды. Елбасының өмір және қызмет жолын қамтитын видеоролик көрсетті. Балалар өз ойларын ашық айтып сұхбаттасты.