19
декабрь
2025
Қазақ халқының даңқты ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған тағылымды әрі мазмұнды іс-шара өтті
«Батырдың ізімен: Москва үшін шайқас» атты байқау барысында оқушылар батырдың өмірі мен шығармашылығын терең танып, «Москва үшін шайқас» шығармасы арқылы ерлік, отансүйгіштік, қайсарлық рухын сезіне білді.
Байқау 3 кезең бойынша өтті:
🔹 «Ақыл додасы» – білім мен логиканы сынау;
🔹 «Ерлік көрінісі» – сахналық шеберлік пен батырлық рух;
🔹 «Ұлы батырға арнау» – шығармашылық ізденіс пен жүрек сөзі.
Әділқазылар алқасының шешімімен:
🏆 БАС ЖҮЛДЕ – 8 «Ә»
І орын - 8 «Д»
ІІ орын - 8 «В», «Е»
ІІІ орын - 8 «А», «Г»
орындарымен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 👏
Барлық қатысушылар өз білімін, өнерін, патриоттық сезімін жоғары деңгейде көрсете білді.
Батырды ұлықтау – ұрпақ парызы.
Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Отан үшін отқа түс – күймейсің».
Бұл сөз әрбір жас ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталсын!