24
декабрь
2018
Гимназия кешенінде даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры, майдангер-жазушы Бауыржан Момышұлының 108 жылдық мерейтойына орай дəстүрлі қалалық байқау өтті
Гимназия кешенінде даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры, майдангер-жазушы Бауыржан Момышұлының 108 жылдық мерейтойына орай дəстүрлі қалалық байқау өтті.
Байқау 3 бөлімді қамтыды:
І бөлім. «Ұлттық рухтың ұлы тіні». Бұл бөлім бойынша қалам тербеп жүрген жас дарындар авторлық өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
ІІ бөлім. «Даңқты бабам Бауыржан». Бұл бөлімде қатысушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін видеоматериал дайындап, ұсынды.
ІІІ бөлім. «Тамыры терең тарихи тұлға». Бұл бөлімде Бауыржан Момышұлының өз шығармалары немесе батыр жайында жазылған өзге де көркем шығармалардың желісі бойынша сахналық қойылым қойылды.
Сайыс соңында қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, ҚББ дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.