04
январь
2019
«Туған өлкем қандай көркем» жобасы
Гимназияда 2017 жылдың 5 қарашасынан бастап «Туған өлкем қандай көркем» жобасы жүзеге асуда. Аталған жобаны жүзеге асыру – туған қаламыз Тараздағы жаңадан бой көтерген мәдени-тарихи ескерткіштермен оқушыларды таныстыру және басқаларды оларды сақтап, қорғай білуге шақыруды қамтамасыз ететін шаралардың бірі. Жоба Тараздағы жаңадан бой көтерген мәдени-тарихи ескерткіштермен гимназия оқушыларын таныстыру арқылы басқаларды оларды сақтап, қорғай білуге шақыруды мақсат етеді.
Жоба екі бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр: біріншісі - «Батыр ата - Бауыржан». Бұл кезеңнің сипаттамасы: гимназия оқушылары «Ерлік» мемориалдық кешенінде орналасқан Бауыржан Момышұлы ескерткішіне апта сайын барып, ескерткіш маңын қоқыстардан тазартып, шаң-тозаңын тазалау жұмыстары жүргізіледі. Бұл арқылы гимназия оқушылары батыр рухына тағзым ете отырып, жасалған еңбектің бағасын түсінеді, қадірлейді және өзгелерді осы игі іске үндейді.
Екіншісі - «Жасампаз қала - Таразым». Бұл іс-шара Тараз қаласындағы қала күніне орай бой көтерген ескерткіштер мен мәдени нысандарға гимназия оқушыларын апарып, таныстырып, олардың бойында туған қаласына деген құрмет, мақтаныш сезімін оятуды көздейді.
Жоба 2018 жылдың 5 қарашасы мен 2019 жылдың сәуірі аралығын қамтиды. Жоба басталғалы 850 оқушы Таразда жаңадан ашылған мәдени нысандарды аралап, танысса, жоғарғы сынып оқитын 180 оқушы апта сайын Б.Момышұлының ескеркішін тазалау жұмыстарына атсалысты. Бұл қолға алған жобаны қаламыздағы басқа мектеп оқушылары қолдап, өздері де белсене атсалысуда. Атап айтсақ, №2 ОМ, №9 ОМ, №11 ОМ, №30 гимназия оқушылары Ғазиз Байтасовтың ескеркішін, ауған ардагерлері мен Чернобыль қатысушыларына арналған ескерткіштерді қамқорлыққа алып, біздің гимназия оқушыларының игілікті ісін жалғастырып жатыр.