18
январь
2019
Гимназия тарихы
Гимназия 1986 жылы Жамбыл облысы бұрынғы Жамбыл қаласы «Самал» мөлтек ауданында 1160 орынға арналған жаңа білім ордасы №45 қазақ орта мектебі болып ашылды.
1990 жылы маусымда №45 қазақ орта мектебіне Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының есімі берілді. Мектеп алдында батырдың ескерткіші ашылып, көптеген құрметті қонақтар қатысқан салтанатты жиын өтті. Ескерткіштің ашылу рәсіміне батырдың әпкесі Әлиман, зайыбы Жамиля, ұлы Бақытжан, келіні Зейнеп, туған-туыстары қатысып, жылы лебіздерін білдіріп, ыстық ықыластарымен бөлісті. Сондай-ақ, бұл рәсімге арнайы келген айтыс ақындары Аяз Бетбаев, Әзімбек Жанқұлиев, Алтынкүл Қасымбаевалар жырдан шашу шашып, жиын көркін қыздырды.
1992 жылы білім ортасы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы болып қайта құрылды. Мектептің білім негізін қалап, қалыптастыру жолында Іргебаева Жолтай, Тутешова Мария, Бөлегенова Сара, Жұмаділова Қалтай, Башанова Мәншүк, Габдрасимова Клара, Оразбаева Аманкүл, Әліпбаева Сара, Бижанова Дариға, Дуанбекова Қазына, Дәулетова Зульфия сынды ұлағатты ұстаздар еңбек етті.
1986-2001 жылдар аралығында гимназияны Садықова Айман Садыққызы басқарды.

Гимназияның білім беру құрылымы, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы, басқару жүйесі қалыптасқан. Қазіргі таңда гимназияда 1902 оқушы білім алуда. Ұжымда 127 мұғалім, 12 қосалқы мұғалім қызмет етуде. Олардың ішінде жоғары және І санатты мұғалімдер үлесі 55 пайызды құрайды. Гимназия ұжымы жыл сайын жас мамандармен толығып отырады. Жас мамандар білікті ұстаздардың қамқорлығына алынып, тәлімгерлер тағайындалады. Гимназия педагогтарының орташа жасы 41 жасты құрайды.
2001-2016 жылдар аралығында Ниязбекова Айша Бердешқызы гимназияны басқарды. Аталған оқу орны өзінің қалыптасу, даму тарихында үздіксіз әрі нәтижеге бағытталған жұмыстар жүргізуде. Гимназияға 2017 жылдан бастап Шортанбекова Фарида Советбекқызы басшылық жасап келеді.