«Батыр Бауыржан – рух пен намыс төресі» байқауы өтті » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Батыр Бауыржан – рух пен намыс төресі» байқауы өтті
22
декабрь
2017

«Батыр Бауыржан – рух пен намыс төресі» байқауы өтті

22 желтоқсан. 2017 жыл. Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясында даңқты қолбасшы, майдангер-жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын оқыта отырып, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында қала мектептері оқушылары арасында «Батыр Бауыржан – рух пен намыс төресі» байқауы ұйымдастырылды. Гимназия ұжымы үшін дәстүрге айналған байқау 3 бөлімнен құралды.
«Алаштың айбыны – Бауыржан Момышұлы» атты эссе бөлімінде қатысушылар батырдың өмірі мен шығармашылығы туралы жазба жұмыстарын ұсынды. Сырттай өткен бұл бөлімге 19 оқушы қатысып, жеңімпаздар марапатталды.
«Өмірінің өзі дастан» арнау бөлімінде жас дарындар авторлық шығармаларын орындады. Бұл бөлімге 25 оқушы қатысып, байқау нәтижесі бойынша №29 орта мектебінің оқушысы Рахымбек Даниял бас жүлдені, №45 гимназия оқушысы Сейтқасымова Ұлжалғас І орынды, №45 орта мектебінің оқушысы Ешеева Арайлым, №19 орта мектепбінің оқушысы Бүрлібай Асылхан, №9 орта мектеп оқушысы Мұхтарбекова Аида ІІ орынды, №49 орта мектебінің оқушысы Қаныбек Арайлым, №50 орта мектебінің оқушысы Алпысбек Нұрдәулет, №7 орта мектебінің оқушысы Кенжебай Нұрбибі, №51 орта мектебінің оқушысы Ниязбаева Мерей, №48 орта мектебінің оқушысы Әбілда Назым ІІІ орынды иеленді.
Байқауға қала мектептерінің орыс сыныптарында оқитын оқушылар да белсене қатысты. Батыр рухына арналған авторлық туындыларын оқу бойынша №40 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Асқарова Іңкәр І орынды, №7 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Жұмағалиев Ерсұлтан ІІ орынды, №1 гимназиясының 10-сынып оқушысы Нысанғали Аружан ІІІ орынды жеңіп алды.
Байқаудың «Бауыржан Момышұлының шығармашылық мұрасы» бөлімі тартысты өтті. Бұл бөлімде оқушылар арасында оқырмандар конференциясы өткізіліп, қатысушы жазушының өзі оқыған шығармасын ауызша жан-жақты талдап айтып берді. Бұл бөлім бойынша 19 оқушы бақ сынады. Нәтижесінде №37 орта мектебінің оқушысы Азаматова Жанерке бас жүлдені, №29 орта мектебінің оқушысы Молдабек Балжан І орынды, №1 гимназия оқушысы Рахметова Жібек, №26 орта мектебінің оқушысы Жақатаева Қарлығаш, №54 орта мектебінің оқушысы Аханова Ұлдана ІІ орынды, №50 орта мектебінің оқушысы Жарылқапбай Әйгерім, №45 гимназия оқушысы Нұржан Аружан, №51 орта мектебінің оқушысы Шагирова Сымбат ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Орыс сыныптары бойынша сайысқа түскен оқушылар арасынан №9 орта мектебінің оқушысы Камалитдинова Мадина ІІ орын, №41 гимназия оқушысы Байдильбеков Бексұлтан ІІІ жүлделі орындарды өзара бөлісті.
Байқауға қала мектептерінен барлығы 63 оқушы қатысты. Барлық жеңімпаздар қалалық білім бөлімі тарапынан дипломдармен марапатталды.

«Батыр Бауыржан – рух пен намыс төресі» байқауы өтті

 

«Батыр Бауыржан – рух пен намыс төресі» байқауы өтті