Қалалық «Бауыржан оқулары» байқауы » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық «Бауыржан оқулары» байқауы
24
январь
2025

Қалалық «Бауыржан оқулары» байқауы



Білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында қалалық «Бауыржан оқулары» байқауы 2025 жылғы 23 қаңтар күні Б.Момышұлы атындағы №45 гимназияда өткізілді.
Байқаудың мақсаты мен міндеті:
- Даңқты қолбасшы, майдангер-жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау, эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау.
Байқау 5 бағытта өтті:
1.«Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет...» бағыты
2. «Алаштың айбыны – Бауыржан Момышұлы» бағыты
3. «Сыр айтам саған, халқым, ұға білсең» бағыты
4. «Томаға киген тау бүркіт»бағыты
5. «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!» бағыты.
Әділқазылар жұмысты мазмұн, шығармашылық көзқарас, эстетикалық әсер мен көркемдік деңгей бойынша бағалады.
Гимназиямыздың 11-сынып оқушысы Саттаркулова Айзере «Сыр айтам саған, халқым ұға білсең» бағыты бойынша қатысып, І орын иеленіп, облысқа жолдама алды. 
Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Бұл іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін нығайтып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Қатысушылар Б.Момышұлының рухани мұрасымен терең танысып, тәжірибе алмасты. Ұйымдастырушылар мұндай байқауларды тұрақты түрде өткізуді ұсынды.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив