Гимназия 1990 жылдан бері 30 жыл бойы аты аңызға, сөзі нақылға айналған тұлға Бауыржан Момышұлының есімін иеленіп келеді. » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Гимназия 1990 жылдан бері 30 жыл бойы аты аңызға, сөзі нақылға айналған тұлға Бауыржан Момышұлының есімін иеленіп келеді.
18
август
2020

Гимназия 1990 жылдан бері 30 жыл бойы аты аңызға, сөзі нақылға айналған тұлға Бауыржан Момышұлының есімін иеленіп келеді.

Гимназия 1990 жылдан бері  30 жыл бойы аты аңызға, сөзі нақылға айналған тұлға Бауыржан Момышұлының есімін иеленіп келеді. Сондықтан ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен батыр атамыздың есімін ұлықтау, өшпес ерлігін дәріптеу, тау тұлғасына тағзым ету - гимназияның әрбір ұланының қасиетті борышы. Ертеңнен бастап гимназияда Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерейтойына арналған  “Мақтан тұтам есімін Бауыржандай бабамның!!”  жобасы бастау алмақ. Жоба барысында батырдың туған күніне дейінгі “110 жұлдызды күн - 110 іс-шара “ жүзеге асырылмақ. Іс-шаралар қатарында тағылымға толы тәрбие сағаттары, тарихи-танымдық сабақтар, интеллектуалды байқаулар бар. Сонымен қоса кітап көрмесі, оқырмандар конференциясы, кітап марафоны, шеберлік заттар көрмесі, спорттық сайыстар ұйымдастырылып,  гимназияның жетістікке толы  тарихы жайлы жинақ кітап жарық көрмек. Батырды түлетіп ұшырған Жуалы жеріндегі мұражайға саяхат,  ономастикалық-топонимикалық зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Гимназиядағы Бауыржан есімді балалар арасында патриоттық челлендж  өткізу, тәжірибе алмасу мақсатында Мәскеудегі батыр атындағы мектеп туралы материалдар жинақтау да жоспарда. Өмірінің өзі дастанға айналған батырдың аманатын арқалаған Зейнеп Ахметовамен,  Мекемтас Мырзахметов, Бекет Момынқұлмен  кездесулер өткізілмек.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив