Бүгін - қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының дүниеге келген күні. Ғасырда бір-ақ туылатын тау тұлға - Бауыржан Момышұлының мерейлі мерекесі гимназияда атаусыз қалған емес. Бауыржан Момышұлының батырлығы мен азаматтық тұлғасын дәріптеу, шығармалар » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін - қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының дүниеге келген күні. Ғасырда бір-ақ туылатын тау тұлға - Бауыржан Момышұлының мерейлі мерекесі гимназияда атаусыз қалған емес. Бауыржан Момышұлының батырлығы мен азаматтық тұлғасын дәріптеу, шығармалар
24
декабрь
2019

Бүгін - қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының дүниеге келген күні. Ғасырда бір-ақ туылатын тау тұлға - Бауыржан Момышұлының мерейлі мерекесі гимназияда атаусыз қалған емес. Бауыржан Момышұлының батырлығы мен азаматтық тұлғасын дәріптеу, шығармалар

Бүгін - қазақтың хас батыры
Бауыржан Момышұлының дүниеге келген күні. Ғасырда бір-ақ туылатын тау тұлға - Бауыржан Момышұлының мерейлі мерекесі гимназияда атаусыз қалған емес. Бауыржан Момышұлының батырлығы мен азаматтық тұлғасын дәріптеу, шығармаларын насихаттауға арналған 8 "б" сыныбының ұйымдастыруымен
"Аңызға айналған ғұмыр" атты сыныптан тыс іс-шара өтті. "Әр адамның мінезі - астындағы тұлпары. Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады" - деген батыр Бауыржан Момышұлының аталы сөзі өзіне арналғандай. Ұйымдастырылған іс-шара гимназияда талай жылдар өткізіліп келген сыныптан тыс жұмыстар, конференциялар, бауыржантану байқаулары мен гимназияда Баукеңе арналған шараларда ат басын бұрып қонақ болған батырдың келіні Зейнеп апамыздың, сондай-ақ Шерхан Мұртаза, Мекемтас Мырзахметұлы сияқты ғұламалар мен бауыржантанушы ғалымдардың бас қосуынан понораммалық шолу жасаумен басталды. Жас бауыржантанушылар батырдың қаһармандық қайсар тұлғасы және адам баласына сирек кездесетін озық ақыл-ой, қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсар мінезі жайында айтып, ән мен жырға бөледі. Алда қаншама жылдар, ғасырлар өтсе де Отаны барда, туған халқы барда Бауыржан Момышұлының аты ұмытылмайды, даңқы ғасырдан-ғасырларға жететініне, ерлігі елге аңыз болған күйі ұрпақтан-ұрпаққа кететініне гимназистердің сенімі мол.
Дүбірлі 110 жылдық мерейтойы қарсаңында гимназия оқушыларының білім мен өнерде батыр бабасына тастар сыйы көп болмақ, - деп ой түйді гимназия шәкірттері.
Жауапты: Мырзабекова Қ.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив