Материалы за 19.02.2026 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 19.02.2026
5-сыныптар арасында “Сапарғали Бегалин — балалар жазушысы” атты байқауы өтті
19
февраль
2026
5-сыныптар арасында “Сапарғали Бегалин — балалар жазушысы” атты
Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің бәйтерегі Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуы мерейтойына орай гимназиямызда 5-сыныптар арасында “Сапарғали Бегалин — балалар жазушысы” атты байқау өтті. Мақсаты: Сапарғали Бегалиннің шығармашылығымен таныстыру, оқушылардың әдебиетке, кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Оқушылар “Бала Шоқан” повесіндегі қазақтың біртуар перзенті бала Шоқан Уәлихановтың бейнесін жан-жақты ашып, шығармадан үзінділер оқып, өз әсерлерін ортаға салды.
«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегері
19
февраль
2026
«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық
«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңінен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шабденова Аружан Спатайқызы ІІІ орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Республикада сәттілік тілейміз!