«Батыр Бауыржан – рух пен намыс төресі» атты байқауы » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Батыр Бауыржан – рух пен намыс төресі» атты байқауы
06
ноябрь
2020

«Батыр Бауыржан – рух пен намыс төресі» атты байқауы

                                                           «Бекітемін»

                                              Тараз қаласы әкімдігінің

                                              білім бөлімінің басшысы

                                                _______С. Есеев

                                             «____» қазан 2020 жыл




Майдангер - жазушы, Кеңес Одағының батыры

Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерейтойына орай

ұйымдастырылатын «Батыр Бауыржан – рух пен намыс төресі»

атты байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: 

Даңқты қолбасшы, майдангер- жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен   шығармашылық мұрасын оқыта отырып, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері: 

- Оқушылар арасында майдангер –жазушы Бауыржан Момышұлы шығармаларын насихаттай отырып, дарынды балаларды қолдау.

- Бауыржан Момышұлының патриоттық рухына тағзым ету, есімін мәңгі қастерлеу;

«Батыр Бауыржан – рух пен намыс төресі» атты байқау төрт бөлім бойынша өткізіледі.

Байқаудың әр бөліміне оқыту тіліне қарамастан, жалпы білім беретін әр мектептен (5-11-сыныптардан  бір  оқушыдан қатыса алады ( әр мектеп 4 бөлімге 4 оқушысын қатыстыра алады).


І Бөлім. «Алаштың айбыны – Бауыржан Момышұлы». Бұл бөлім 2 кезеңнен тұрады:

1 - кезең.  Бауыржан Момышұлының өмірбаяны мен шығармалары туралы тестік тапсырма конкурсы. Бұл кезеңде ойынға қатысушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты және оқуға ұсынылған шығармаларынан арнайы дайындалған тест нұсқасын қашықтықтан (гугл тест формасында) шешеді. Тест әр мәтін бойынша 25 сұрақтан, өмірі мен қызметі жайында 20 сұрақтан құралған. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. 30-дан төмен ұпай жинаған қатысушы байқаудың келесі кезеңіне жіберілмейді. Бұл кезеңнің жоғарғы ұпайы -45.

2 - кезең.  Автордың туындыларынан үзінді жатқа оқу конкурсы (өлеңдер, прозалық шығармаларынан үзінділер). Қатысушы өзі қалаған туындыны жатқа оқыған бейнежазбасын ұсынады.

І бөлім бойынша оқуға ұсынылатын шығармалары:

1.Б.Момышұлының өмірі мен қызметі жайындағы фотоальбом (жеке басының ерен ерлігі мен  марапаттары нақты даталар). Издательство Алматы «Өнер» баспасы, 2008 ж.

2.Б.Момышұлы  «Музей апа» әңгімесі

3.«Москва үшін шайқас» романынан оқылатын бөлімдер: «Тәуекелге бел байлап», «Кеш батып, таң атқанда», «Таң атып, кеш батқанда»,   «Бұйрық», «Есте  қалғандар»  Көптомдық шығармалар жинағы, 3- том, Издательство Алматы            «Өнер» баспасы, 2010 ж.

4.Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Екі томдық шығармалар жинағы, 2т. Алматы,    «Жазушы», 2004ж.

5.«Қазақстан» ұлттық энциклопедия. 2 том.1999 ж.


ІІ Бөлім. «Жыр арнаймын жүрегімнен» - атты арнау бөлімінде жас дарындар авторлық патриоттық шығармаларын орындайды. Жұмыстарын бейнежазба арқылы ұсынады ( өлеңдер, музыкалық шығармалар). 

ІІІ Бөлім «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы және қазіргі заман» тақырыбында  мұғалімдер мен оқушылар арасында өткізілетін ғылым-тәжірибелік конференциясының жұмыс бағыттары:

1.«Ата өсиеті немесе Күре тамыр» (Зейнеп Ахметованың еңбегі бойынша)

2.«Мен бір жан өмірімнің өзі дастан...» (нақыл сөздері мен эпистолярлық жанрдағы шығармалары бойынша)

3.«Ер серігі - сергек ой...» (қолбасшы, стратег-тактик) (әскери жазушылығы)

4.«Жақсы, мазмұнды бір кітапты оқыған – бір мектепті бітіргенмен тең» (Б.Момышұлы) (Сынып жетекшілер заманауи үлгіде өткізген үздік тәрбие сағаттарын ғылыми-педагогикалық талдауымен ұсынуына болады)

Конференцияның талаптары мен шарттары

1.Мәтін МS Word мәтіндік редакторымен терілуі керек және бес беттен кем болмауы тиіс. Шрифт: TimesNew Roman, кегель-12, интервал-1,0; азат жолды шегінісі -1,0. Беттің параметрлері: сол жағы 30мм, оң жағы -15 мм, жоғары және төменгі жағы 20 мм.

2.Баяндаманың тақырыбы  БАС ӘРІПТЕРМЕН ортада жазылады. Тақырыптың астына қалың шрифпен баяндамашының тегі, аты, әкесінің аты, оның астына қалың шрифтпен жетекшінің тегі толық жазылуы керек. Бір жол тастап баяндаманың мәтіні жазылады. Қолданылған әдебиеттер тізімі баяндама соңында жазылуы керек. 

Ескерту: Баспаға жарияланған, дайын ғаламтор материалдары қабылданбайды. Бір мектептен 4 кезеңге де қатысатын оқушылар болса, жұмыстарын жинақтап, бір папкамен жіберіңіздер (электронды түрде, электронды почтаға)

Конференция материалдары 10.12.2020 ж. дейін электронды түрде gauxar.70@mail.ru электронды почтасына жинақталады. Конференция бағыттары бойынша дайындалған баяндамалар байқау өтетін күні 23.12.2020ж. қашықтан қорғалады және электронды жинақ болып шығады. Қорғауға ұсынылған материалдардың іріктеуден өткені мектептерге алдын ала 23.12.2020 күніне дейін қосымша хабарланады.

ІY Бөлім. «Батыр мұрасы – таусылмас қазына» бөлімінде Б.Момышұлының бір шығармасының негізінде  буктрейлер (видеоролик)  дайындау. Буктрейлер талаптары:

1) Б. Момышұлының бір туындысы бойынша;

2) Әлеуметтік желіден алынған дайын буктрейлер қабылданбайды;

3) Буктрейлер уақыты 3-5 минуттан аспауы тиіс;

4) Мазмұны өмірмен сабақтасуы тиіс;

5) Бөлімге 5-11-сынып оқушылары және мұғалімдер қатыса алады.

Ұйымдастыру комитеті:

1)оқуларды өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;

2)тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;

3)конкурстардың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап қорытады;

4)оқулардың материалдарын баспасөзде жариялайды.

«Батыр Бауыржан – рух пен намыс төресі» атты байқауына қазылар алқасы:

1)қатысушылар өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді;

2)қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және он баллдық жүйемен бағалайды;

3)қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

4)жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі; 

Байқауға қатысу үшін төмендегі үлгі бойынша 10.12.2020ж. дейін қалалық білім бөлімінің әдіскері Шеримова Г.Ж.  gauxar.70@mail.ru  электронды почтасына мектеп басшысының қолы қойылған, мектептің мөрі басылған сұраныс жолдануы тиіс.

Байқау нәтижесі бойынша үздік жұмыстар гимназия сайтына, инстаграм, фейсбук парақшаларына жарияланады.

         І бөлім сұранысы

Оқушының аты-жөні

Мектебі 

Сыныбы 

Жауапты жетекшісі, байланыс телефоны 

Жатқа оқитын шығармасының аты







          ІІ бөлім сұранысы

Оқушының аты-жөні

Мектебі 

сыныбы

Жауапты жетекшісі, байланыс телефоны

Ұсынатын авторлық жұмысының түрі







ІІІ бөлім сұранысы

Оқушының аты-жөні

Мектебі 

Сыныбы 

Жауапты жетекшісі, байланыс телефоны

Бағыты







ІV бөлім сұранысы

Оқушының аты-жөні

Мектебі 

Сыныбы 

Жауапты жетекшісі, байланыс телефоны

Шығарма атауы (буктрейлер)














Г.Шеримова




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив