«Табысты үштік» жобасы басталады! » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Табысты үштік» жобасы басталады!
03
февраль
2020

«Табысты үштік» жобасы басталады!

«Табысты үштік» жобасы басталады!
«Табысты үштік» жобасын жүзеге асыру – бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу ісінде бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп, жүзеге асуын қамтамасыз ететін шаралардың бірі.
Жобаның мақсаты: тәрбие жұмысында, бірлескен шаңырақ сағаттары барысында оқушы, ұстаз, ата-ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, балалардың толыққанды әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау
Міндеттері:
1. Баланың толыққанды әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуындағы және оларды тәрбиелеудегі үздік идеяларды анықтау, тарату
2. Заман талабына сай саналы ұрпақты тәрбиелеуде Абайдың ізгілік пен адалдыққа, жастарды білімге шақыруға, шыншыл, талапты болуға, достыққа, ұлтжандылыққа үндеген өшпес мұрасы, өлмес шығармалары арқылы адами құндылыққа шақыру
3. Әділеттілікті, сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәдениетті қалыптастыру
Шаңырақ сағатында әр шаңырақтан 3 ата-ана қатысып, балаларды тиімді әлеуметтендіру бағытында берілген тақырыптар бойынша ТЕДх форматында сөйлейтін болады. Идея адамның құлқын, өмірін өзгерту арқылы әлемді өзгерте алатынын ескерсек, «Таратуға тұрарлық идеялардың» көздегені – білім алушыларға қызықты, пайдалы идеяларды жеткізіп тарату.
Жоба іске асырылатын мерзім: 2020 жылғы 10-21 ақпан аралығы
Жоба жұмысына барлық ата-аналарды белсене қатысуға шақырамыз!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив