14
январь
2019
Гимназияішілік «Ақылды ата-ана, шебер мұғалім, тәрбиелі орта: табысты бала» жобасы

Жаңа жоба!!!
2019 жылдың 14 қаңтарынан гимназияішілік «Ақылды ата-ана, шебер мұғалім, тәрбиелі орта: табысты бала» жобасы басталмақ. Аталған жоба бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу ісінде бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп, жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Жобаның мақсаты: тәрбие жұмысында, алуан түрлі бірлескен іс-шаралар барысында оқушы, ұстаз, ата-ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыру. Жоба барысында өткізілетін іс-шаралар: 1-сыныптарға - «Салауатты ата-анадан: спортсүйер бала» көңілді-спорттық ойын, 2-сыныптарға - «Біздің отбасының тарихы» үздік слайд презентациялар байқауы, 3-сынып ата-аналарымен «Өнерлі балалардың өнерпаз ата-аналары» шығармашылық байқау, 4-сынып ата-аналарымен «Балама арналған 24 сағат» үздік бейнероликтер байқауы, 5-сыныптарға - «Отбасы бюджеті: бала жетістігі» үздік жобалар байқауы, 6-сынып ата-аналарымен «Ақылды оқушылардың ақылшы ата-аналары» пікірсайыс, 7-сыныптармен «Баламды жұмысқа ал» бейнероликтер байқауы, 8-9-сынып ата-аналарымен «Салауатты отбасы» спорттық жарыс, 10-11-сынып ата-аналарымен «Дарынды балалардың дарынды ата-аналары» жоба байқауы өткізілмек. Жоба жұмысына сәттілік тілей отырып, гимназия ата-аналары мен педагогтарды аталған іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз!