10
февраль
2020
Тәрбие жұмысы барысында оқушы, ұстаз, ата-ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім алушылардың толыққанды әлеуметтік тұлға ретіндегі қалыптасуына
Тәрбие жұмысы барысында оқушы, ұстаз, ата-ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім алушылардың толыққанды әлеуметтік тұлға ретіндегі қалыптасуына жағдай жасау мақсатындағы "Табысты үштік" жобасы аясында "Айша бибі", "Мыңбұлақ", "Хантау" шаңырақтарының қатысуымен "TEDх" форматындағы шаңырақ сағаттары өтті. Шаңырақ сағаттары барысында "Әдеппен сөйлеп әдеттен" тақырыбы бойынша гимназия ата-аналары Қалымбетов Қанатбек, Джатқанбаева Айжан, Азимханова Гүлзира ой тарқатса, "Абай - еңбекқорлықтың мотиваторы" тақырыбы бойынша ата-аналар Басарова Арайлым, Нурхалиев Ерғали, Бөлекбаева Жанар сөйлеп, Абайдың ізгілік пен адалдыққа, жастарды білімге шақыруға, шыншыл, талапты болуға, достыққа, ұлтжандылыққа үндеген өшпес мұрасы, өлмес шығармалары арқылы адами құндылыққа шақырды. "Ұялы телефонның сабақ үлгеріміне әсерін" талдаған ата-аналар Жүнісбаева Айгүл, Мереке Қалдыбай қызықты да пайдалы ақпараттармен бөлісті. 





