25
октябрь
2019
"ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ" ЖОБАСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

Қазан айының 14-25 аралығын қамтыған жоба барысында білім алушылар Жамбыл облысының 80 жылдығына орай облыс аумағындағы 50 ауылдың атауларына, тарихына, экологиялық, экономикалық жағдайына, мәдени-танымдық ерекшелігіне жобалық жұмыстарын жүргізіп, шаңырақ сағаттарында оларды шығармашылық өнім ретінде ұсынды.
Жоба аясында Жуалы ауданындағы Ақсай, Мыңбұлақ ауылдық округтері мен Жамбыл ауданындағы Ерназар ауылына, Байзақ ауданындағы Абай ауылдарына экскурсиялар жасалды.
Жоба нәтижесінде:
•Туған өлкенің тарихын зерттей отырып, білім алушылардың танымдық қабілеттері артты.
• Білім алушылардың бойында патриоттық-адамгершілік құндылықтар қалыптасты.
• Білім алушылардың шығармашылық қызығушылықтары артты.
Шаңырақтар ІІ тоқсанда өздеріне берілген ауылдардағы дамыған мамандықтар, керісінше қат-қажетті мамандықтарды анықтауға, сол ауылдағы елге ерен еңбегі сіңген маман иелеріне арналады.
Жобаның сәтті жүзеге асырылуына атсалысқан барлық шаңырақтарға, білім алушыларға, педагогтарға,
ата-аналарға алғыс білдіреміз!!!