10
февраль
2020
Ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында ғана балаларға үлкен адамдық бақытты бере алатынымыз белгілі. Бүгін«Сарысу» шаңырағы TEDx форматында «Табысты үштік» жобасы аясындағы шаңырақ сағатын өткізді. «Абай-ұлттық болмыстың үлгісі» te
Ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында ғана балаларға үлкен адамдық бақытты бере алатынымыз белгілі. Бүгін«Сарысу» шаңырағы TEDx форматында «Табысты үштік» жобасы аясындағы шаңырақ сағатын өткізді. «Абай-ұлттық болмыстың үлгісі» ted talks аясында ата-ана Ыдырысова Гүлжан қоғам өміріне тек әсер етіп ғана қоймай, санамызда төңкеріс жасаған қазақтың ұлы ақынының шығармаларының адамгершілік мәніне тоқталып, Қазақ дегенде Абай, Абай дегенде Қазақ екенімізді таныта түскендей болды. Екінші тақырып бойынша, үздіксіз білім алудың маңызды қосалқы жүйесінің бірі болып табылатын «Қосымша білім алудың пайдасы» атты ted talksымен ата-ана Тұрлыбекова Сыйлық өз тәжірбиесімен қатар таратуға тұратын идеяларымен бөлісті. Үшінші тақырып аясында ата-ана Күнғабылова Меруерт «Біздің әрқайсымыздың дамуымыз - бұл әлемнің дамуы» атты ted talksы барысында сананы өзгертумен әлем өзгеретінін айтып, бірегей идеялар, ойлармен бөлісу қоғам өміріне әсер етеді деген аргументті дәлелдей түсті.
Жауапты: Беркен Ж., Лаубай Т.



Жауапты: Беркен Ж., Лаубай Т.




