Ақпарат » Страница 17 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 17
“Who Knows the English World Best?” атты интеллектуалды сайыс
20
ноябрь
2025
“Who Knows the English World Best?” атты интеллектуалды сайыс
7“Д” сыныбымен “Who Knows the English World Best?” атты интеллектуалды сайыс өтті! Бұл іс-шара “BilimAll” жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: • Ағылшын тілінде жылдам ойлау, тыңдау және сөздік қорды дамыту; • Топтық жұмыс, көшбасшылық және коммуникативтік дағдыларды дамыту; • Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы жалпы мәдени білімдерін кеңейту. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1️⃣ Spelling Bee – “Build the Word” 2️⃣ Jeopardy интеллектуалдық ойыны 3️⃣ 4 pics 1 word Оқушылар белсенді
5-сынып оқушыларымен “Отбасы қарым-қатынасының маңызы” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды
19
ноябрь
2025
5-сынып оқушыларымен “Отбасы қарым-қатынасының маңызы” тақырыбында
Мақсаты: оқушыларға отбасының рөлін түсіндіру, дұрыс қарым-қатынастың негізін қарастыру, жақын адамдармен байланысымызды нығайту жолдарын анықтау. Дөңгелек үстел барысында: • Отбасындағы өзара сыйластық туралы пікірлер айтылды; • Тыңдай білу мәдениеті талқыланды; • Жақындармен жылы сөйлесудің маңызы мысалдар арқылы түсіндірілді; • Оқушылар өз отбасылары жайлы әсерлі ойларымен бөлісті.
”Ашық микрофон” жобасы
19
ноябрь
2025
”Ашық микрофон” жобасы
https://youtube.com/shorts/urtP2jqM-GQ?feature=share ”Ашық микрофон” жобасы аясында оқушылар үзіліс уақытында “Сізге мектептегі қай мұғалім ерекше ұнайды? Неліктен?” деген сұраққа жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті. Жобаның мақсаты: • Оқушылардың еркін сөйлеу, ойды жүйелі жеткізу дағдысын дамыту; • Мектеп ішінде ашық, достық атмосфера қалыптастыру; • Әр оқушыға өз ойын айтуға, пікір білдіруге мүмкіндік беру; • Құндылықтарға тәрбиелеу: достық, отансүйгіштік, отбасы, ұстазға құрмет. 
“Жусан иісі” шығармасы
17
ноябрь
2025
“Жусан иісі” шығармасы
“TALQILIKE” жобасы аясында 7“Ә” сыныбы Сайын Мұратбековтың “Жусан иісі” шығармасын талқылады. Оқушылар әңгімедегі соғыс жылдарының ауыртпалығы, Аян бейнесі және туған жердің сағынышын білдіретін жусан иісінің мәнін өз көзқарастарымен ашып көрсетті. Кейіпкерлер мінезіне талдау жасалды. Соғыс кезіндегі балалар тағдыры туралы ой бөлісті. Әр оқушы өзіне әсер еткен тұсын айтып, пікір алмасу жүргізді.
«TALQILIKE» жобасы аясында 7 “А” сыныбымен әдеби талқылау өтті
14
ноябрь
2025
«TALQILIKE» жобасы аясында 7 “А” сыныбымен әдеби талқылау өтті
Оқушылар қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі болған ағартушының өнегелі әңгімелерін оқып, олардың тәрбиелік мәнін өз көзқарастарымен жеткізді.  Әр оқушы өзіне ұнаған шығармадан өмірлік сабақ алды. Кейіпкерлер әрекеттеріне талдау жасап, мінез ерекшеліктерін салыстырды Жақсылық, еңбексүйгіштік, адамгершілік секілді құндылықтарды талқылады Топтық жұмыс арқылы ой бөлісіп, пікір айту мәдениетін дамытты Алтынсарин шығармалары – жас буынның жүрегіне жол табатын, адамдыққа баулитын асыл
5–6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңінің қорытындысы
14
ноябрь
2025
5–6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша
5–6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🏆 І орын иегерлері: • Қазақ тілі мен әдебиеті – Хайролла Сезім Жетекшісі: Абдикаримова Райхан • Математика – Анарбай Алдияр Жетекшісі: Сейдалиева Айгуль 🥈 ІІ орын иегерлері: • Ағылшын тілі – Серік Арсен Жетекшісі: Нұртаева Жансұлу • Ағылшын тілі – Қайратбек Ахмедияр Жетекшісі: Шабденова Аружан • Жаратылыстану
«Теңгем – тәуелсіздігімнің нышаны» атты викторина өтті
14
ноябрь
2025
«Теңгем – тәуелсіздігімнің нышаны» атты викторина өтті
Қазақстанның ұлттық валютасы–теңгенің тарихы мен құндылығын танытуға арналған викторина ұйымдастырылды. Оқушылар ұлттық валютамыздың енгізілуінен бастап, банкноттардағы тарихи тұлғалар мен символдардың мән-мағынасына дейін көптеген қызықты ақпараттармен танысты.
Облыстық “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының жеңімпазы
14
ноябрь
2025
Облыстық “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының жеңімпазы
Облыстық “Үздік авторлық бағдарлама” байқауында математика пәні мұғалімі Б.С.Дауылбаева өз еңбегінің жемісін көріп, жүлделі І орынды иеленді! Бұл жеңіс – тынымсыз ізденіс пен әдістемелік шеберліктің, кәсіби дамуға деген зор ықыластың нәтижесі. Ұстазымыздың еңбегі лайықты бағаланып, облыс деңгейінде үздік деп танылғанына қуаныштымыз! Құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз толастамай, шығармашылық шабыт әрдайым бірге болсын!
Облыстық “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының жеңімпазы
14
ноябрь
2025
Облыстық “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының жеңімпазы
 Облыстық “Үздік авторлық бағдарлама” байқауында информатика пәні мұғалімі — У.М.Анетбаева жүлделі II орын иеленді. Ұстаздық жол — үздіксіз ізденіс пен еңбектің нәтижесі. У.М.Анетбаева өзінің шығармашылығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында облыстық деңгейдегі байқауда ІІ орын иеленіп, тағы бір үлкен жетістігімен қуантты!Құттықтаймыз!