Ақпарат » Страница 15 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 15
Шахмат турнирі өтті
19
декабрь
2025
Шахмат турнирі өтті
Ерлік пен парасат тоғысқан турнир ️ Даңқты қолбасшы, жазушы, ұлт рухының символы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шахмат турнирі жоғары деңгейде өтті. Бұл турнир – тек зияткерлік сайыс қана емес, батырдың ерлікке толы өміріне тағзым, ой мен стратегияны шыңдаған рухани дода, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін маңызды шара болды. Барлық қатысушыларға сәттілік, жеңімпаздарға құттықтау! Батыр рухы – мәңгі жүрегімізде!
6-сынып оқушылары Тәуелсіз Қазақстанның тарихына квес форматында саяхат жасады
19
декабрь
2025
6-сынып оқушылары Тәуелсіз Қазақстанның тарихына квес форматында
Тарихи тапсырмалар, мемлекеттік рәміздер, ұлы тұлғалар мен командалық жұмыс – барлығы да оқушылардың білімін шыңдап, патриоттық рухын арттырды. Егемен елдің болашағы – білімді ұрпақ! Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! 
«Жасанды интеллект көмегімен гидросфераның құрамын, қасиеттерін және маңызын талдау» тақырыбында танымдық викторина өтті
17
декабрь
2025
«Жасанды интеллект көмегімен гидросфераның құрамын, қасиеттерін және
Іс-шара барысында оқушылар гидросфера ұғымы, жер бетіндегі сулардың түрлері мен мөлшері туралы білімдерін тереңдетіп, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, қызықты тапсырмаларды орындады.  Викторина кезеңдері: 🔹 «Сұрақтар мен жауаптар» сайысы 🔹 Капитандар сайысы 🔹 Жұмбақтар сайысы 🔹 «Өзен мен көлдің бөліктері» байқауы Бұл іс-шара оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, танымдық қызығушылығын арттырып, экологиялық сананы қалыптастыруға, өз жеріміздің су ресурстарына
2-сынып оқушылары арасында бес асық ойынынан жарыс өтті
15
декабрь
2025
2-сынып оқушылары арасында бес асық ойынынан жарыс өтті
Іс-шара арқылы оқушылар ұлттық құндылықтарды ұлықтауға мүмкіндік алды. Бес асық ойынына қызығушылық артты, оқушылардың зейінін, ептілігін, қол икемділігі жетілдірілді. Қатысушылар дипломдармен марапатталды.
Гимназия «Үздік ондық - 2025» кубогымен марапатталды
12
декабрь
2025
Гимназия «Үздік ондық - 2025» кубогымен марапатталды
Тараз қалалық білім бөлімі жас буынның ғылымға деген талпынысын айқындап, олардың жетістіктеріне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырған «Ғылымға қадам басамыз!» атты іс-шарада Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы 10 үздік мектептің қатарынан көрінді. Аталған шарада гимназияның педагогикалық ұжымы білім алушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру, ізденісін қолдау және дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудағы нәтижелі еңбектері үшін Тараз қаласының әкімі Б.Орынбековтің Алғыс
“Менің сыныбым ең досшыл” бейнеролик байқауының жеңімпаздары анықталды!
12
декабрь
2025
“Менің сыныбым ең досшыл” бейнеролик байқауының жеңімпаздары
Әр бейнероликтен оқушылардың бірлігі, ұйымшылдығы мен шынайы достығы анық көрінді. I орын – 5 “А” II орын – 5 “Е”, 5 “В” III орын – 5 “Ә”, 5 “Г”, 5 “Ж”, 5 “Д” Белсенділік пен ұйымшылдық танытып, достықты жарқын бейнелегендеріңізге алғыс!
“BilimAll” жобасы аясында 10 “Д” сыныбымен “Who Knows Grammar Best?” атты викторина өтті!
12
декабрь
2025
“BilimAll” жобасы аясында 10 “Д” сыныбымен “Who Knows Grammar Best?”
https://youtube.com/shorts/Lcgs0WkjZng?feature=share Мақсаты: • оқушылардың грамматикалық білімдерін бекіту; • тілдік құзыреттілігін арттыру; • сыни ойлау мен топтық жұмыс дағдыларын дамыту; • ағылшын тілін қызықты форматта үйренуге ынталандыру. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: Emoji Quiz – Compound nouns Crime Investigation Choose a box and correct the mistake Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетіп, командалық рухты жоғары деңгейде ұстанды. 
Батырдың ерлігі – халық жадында, рухы – ұрпақ жүрегінде!
11
декабрь
2025
Батырдың ерлігі – халық жадында, рухы – ұрпақ жүрегінде!
Қазақтың ұлы перзенті, Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Қарымды қаламгер» тақырыбында көрме және «Өмірі өнеге, ерлігі мәңгі – Б.Момышұлы туралы не білесің?» атты викторина ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде оқушылар Б. Момышұлының шығармаларымен танысты. Батырдың әр түрлі жанрда жазылған кітаптары ұсынылып, оқушылар оның әдеби және өмірлік мұрасына назар аударды. Викторина барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының өмірі, ерлігі және