Әдістемелік жұмыстар » Страница 2 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тарих пәнінің ұстаздары тарихтың түрлі кезеңдеріне шолу жасап, көрме ұйымдастырды
13
январь
2026
Тарих пәнінің ұстаздары тарихтың түрлі кезеңдеріне шолу жасап, көрме
https://youtube.com/shorts/Po95roghUXY?feature=share ​https://youtube.com/shorts/Yh8fdVF1kbg?feature=share​​​ Қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігі он күндігінің ашылуы. Бірлестік он күндігінің ашылуында оқушылар Д.А.Қонаевтың өмірі, еңбек жолы, жасаған игі істерімен таныстырып ақпарат беріп өтті. Тарихшы ұстаздар тарихтың түрлі кезеңдеріне шолу жасап, көрме ұйымдастырды 
Гимназияның жас мамандарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Табысты сабақты тиімді жоспарлаудың жолдары» тақырыбында семинар өткізілді
06
январь
2026
Гимназияның жас мамандарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында
Гимназияның жас мамандарына әдістемелік қолдау көрсету, оқыту сапасын жақсарту үшін тәжірибе жинақтау мақсатында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Маталиева «Табысты сабақты тиімді жоспарлаудың жолдары» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында оқу мақсаттарымен жұмыс жасау, тапсырма және оған сай дескриптор құрастыру, сындарлы кері байланыс беру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен бірге жас мамандарға тәжірибе жинақтауда бағыт көрсету, шығармашылықпен ізденіп,
Педагогтермен С.Елубайдың «Ақ боз үй» романының екінші «Мінажат» бөлімі талданды
06
январь
2026
Педагогтермен С.Елубайдың «Ақ боз үй» романының екінші «Мінажат»
Гимназия педагогтеріне арналған ReаdХ Time кезінде С.Елубайдың «Ақ боз үй» романының екінші «Мінажат» бөлімі талданды. Қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілдері, қоғамдық пәндер, жаратылыстану бірлестігінің мұғалімдері шығармадағы суреттелген оқиғаны шынайы өмірмен, өмірлік жағдаяттармен және тарихи негізде талдап, өз көзқарастарын білдірді. Шығармадағы суреттелген ашаршылық жылдары мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ халқының демографиялық жағдайы нақты статистикалық мәліметтермен салыстырылды.
Тәжірибе бөлісу
05
январь
2026
Тәжірибе бөлісу
Республикалық «Олимп шыңы» олимпиадасының жүлдегерлері тарих пәнінің мұғалімі Т.Юсупджанов, география пәнінің мұғалімі Р.Алманбетов, бастауыш сынып мұғалімі З.Тилепбергенова республикалық семинарда қарастырылған мәселелермен бөлісті. Атап айтар болсақ, жасанды интеллектіні сабақ барысында тиімді пайдалану, оқытудың тиімділігін арттыратын цифрлық платформаларды құрастыру және олимпиада барысында педагогтердің тапсыратын тест тапсырмаларының құрылымымен, мазмұндық ерекшеліктерімен таныстырды. 
Тәжірибе мен ізденіс тоғысқан тағылымды іс-шара өтті
30
декабрь
2025
Тәжірибе мен ізденіс тоғысқан тағылымды іс-шара өтті
Гимназиямыздың педагог-зерттеуші мұғалімдері Балтабаева Нурипа Тогайбаевна мен Тойшыбекова Гүлмира Мырзагелдіқызы «Тілдік және математика пәндерінің күрделі мақсаттарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларына ұсынылатын тапсырмалар түрлерін қарастыру» тақырыбында өздерінің құнды іс-тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға, пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді тапсырмалар, әдіс-тәсілдер ұсынылды. Әріптестер үшін мазмұнды, тәжірибеге
Тәжірибе бөлісу
29
декабрь
2025
Тәжірибе бөлісу
2 025 жылы 29 желтоқсан күні авторлық бағдарламаны дайындауға қойылатын талаптарды пысықтау, гимназия мұғалімдерінің дайындаған авторлық бағдарламалары, әдістемелік құралдары мен авторлық материалдарын талапқа сәйкестендіру мақсатында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, авторлық бағдарламаны зерделеу бойынша облыстық сараптамалық кеңестің мүшесі З.Ахмедова «Авторлық бағдарлама жазуға қойылатын талаптар» тақырыбында семинар өтті. Сонымен бірге, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама-2025»
“Сабақты зерттеу - оқу мен оқытуды жақсартудың тиімді құралы” тақырыбында семинар өтілді
25
ноябрь
2025
“Сабақты зерттеу - оқу мен оқытуды жақсартудың тиімді құралы”
https://youtube.com/shorts/D26HNis5YUw?feature=share Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласы филиалының тренері Альтаева Ш.Қ. гимназия мұғалімдеріне “Сабақты зерттеу - оқу мен оқытуды жақсартудың тиімді құралы” тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында сабақты зерттеуді жүргізуде кездесетін қиындықтар, оларды шешу жолдары мәселелері қарастырылды.
Әдеби талдау — рухани байлықтың бастауы!
30
октябрь
2025
Әдеби талдау — рухани байлықтың бастауы!
№45 гимназияның ұстаздары қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Смағұл Елубаевтың «Ақ боз үй» романын талқылады. Шығарманы талдау барысында қазақ халқының тарихындағы ауыр кезеңдер, ашаршылық жылдарының шындығы мен адам тағдырына әсері кеңінен сөз болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің мұғалімдері романның көркемдік ерекшеліктерін, тақырыптық-идеялық мәнін ашып, жазушының тілдік шеберлігіне талдау жасады. Мұндай әдеби кездесу — ұстаздардың кәсіби дамуын арттырып қана қоймай, ұлттық
Тәжірибелік семинар
13
август
2025
Тәжірибелік семинар
Гимназия мұғалімдерінің цифрлық сауаттылығын арттыру және жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың жолдарын оқыту мақсатында информатика пәнінің мұғалімдері Ә.Бердімбетова, М.Шардарбекова тәжірибелік семинарлар өтті.
Тәжірибелік семинар
12
август
2025
Тәжірибелік семинар
«Адал азамат» – болашақтың іргетасы! Бүгін гимназиямызда “Пәндерге «Адал азамат» бағдарламасында белгіленген базалық құндылықтар мен құзіреттіліктерді кіріктіру және жүзеге асыру” тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері К.Шалова мен Г.Бегимбетова тәжірибелік семинар өтті. Семинар барысында ұстаздар оқу үдерісіне адалдық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, құрмет, патриотизм және ынтымақтастық құндылықтарын тиімді енгізу жолдарымен бөлісіп, бірлесе үйреніп, тәжірибе алмасты.