06
январь
2026
Гимназияның жас мамандарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Табысты сабақты тиімді жоспарлаудың жолдары» тақырыбында семинар өткізілді
Гимназияның жас мамандарына әдістемелік қолдау көрсету, оқыту сапасын жақсарту үшін тәжірибе жинақтау мақсатында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Маталиева «Табысты сабақты тиімді жоспарлаудың жолдары» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында оқу мақсаттарымен жұмыс жасау, тапсырма және оған сай дескриптор құрастыру, сындарлы кері байланыс беру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен бірге жас мамандарға тәжірибе жинақтауда бағыт көрсету, шығармашылықпен ізденіп, жұмыс жасауларына ықпал ету мақсатында республикалық «Үздік педагог - 2025» байқауының жеңімпазы тарих пәнінің мұғалімі Т.Лаубай өз тәжірибесімен бөлісті.