15 қараша – Ұлттық валюта күні!
Теңгенің айналымға енгеніне биыл 33 жыл толуына орай гимназиямызда танымдық викторина ұйымдастырылды. Викторина барысында оқушылар ұлттық валютаның тарихы мен ерекшеліктеріне қатысты білімдерін ортаға салып, тапқырлықтары мен зеректіктерін танытты. Төл теңгеміз – тәуелсіздігіміздің айқын нышаны!