Ақпарат » Страница 5 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 5
“TALQILIKE” жобасы аясында 7“Б” сынып оқушылары Мұхтар Әуезовтың “Көксерек” шығармасын жан-жақты талдады.
19
март
2025
“TALQILIKE” жобасы аясында 7“Б” сынып оқушылары Мұхтар Әуезовтың
Талқылау барысында адам мен табиғат арасындағы байланыс, қасқырдың бостандыққа ұмтылысы тақырыптары қозғалды. Оқушылар шығарманың негізгі идеясын талқылап, әр кейіпкердің әрекетіне өз көзқарастарын білдірді.
8-сынып оқушыларымен “Абайды оқы, таңырқа!” тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.
18
март
2025
8-сынып оқушыларымен “Абайды оқы, таңырқа!” тақырыбында оқырмандар
Оқушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қарасөздеріне тақырыптық-идеялық талдау жасады. Ұлы ақынның композиторлық қырын, поэмаларының кейіпкерлерін жан-жақты талдап, күйлерінің шығу тарихымен таныстырды. Конференция соңында ақынның шығармаларының мазмұндық желісімен иллюстарциялық суреттер салды.
Наурыз мерекесіне орай 9-сынып оқушыларымен «ЭТНО QUIZ» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.
17
март
2025
Наурыз мерекесіне орай 9-сынып оқушыларымен «ЭТНО QUIZ» зияткерлік
Мақсаты: ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып қазақ халқының салт – дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ұғындыру және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Сайыс 4 бөлімнен тұрды: 1.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінде ұлттық киім, ұлттық тағам, ұлттық ойынға қатысты ұяшықтардағы сұрақтарға жауап берді.  2.«Суреттер сөйлейді» кезеңінде экраннан көрсетілген суреттерден салт-дәстүрге қатысты бейнені тауып, мағынасын ашып түсіндірді.  3.«Тұлғаны таны» кезеңінде үзіндіде бейнеленген бейнефильм атауын
«Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы» атты жанды қолөнер көрме ұйымдастырылды.
13
март
2025
«Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы» атты жанды қолөнер көрме
Көрменің мақсаты: оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Көрме ерекшелігі-оқушылар қазіргі кезде ұмытыла бастаған ши тоқу өнері, сырмақ сыру, кесте түрлерін кестелеу, құрғақ киіз басу, кесте және бізкесте түрлі жұмыстар жасауды көрермен назарына ұсынды.
”TALQILIKE” жобасы бойынша 7“Ә” сынып оқушыларымен Ұлы Отан соғысының батыры, әйгілі партизан, көрнекті жазушы Қасым Қайсеновтің “Жау тылындағы бала” шығармасы талқыланды.
13
март
2025
”TALQILIKE” жобасы бойынша 7“Ә” сынып оқушыларымен Ұлы Отан соғысының
Оқушылар талқылау барысында кітап оқудың пайдасы, кітап оқуға арналған талғам қалыптастыру, кітап оқуға қызығушылықты ояту және Қ.Қайсеновтың “Жау тылындағы бала” шығармасы бойынша түйген ойларымен бөлісті. 
”TALQILIKE” жобасы бойынша 7 “А” сынып оқушыларымен Ш.Мұртазаның “Интернат наны” әңгімесі талқыланды.
05
март
2025
”TALQILIKE” жобасы бойынша 7 “А” сынып оқушыларымен Ш.Мұртазаның
Оқушылар соғыс жылдарынан кейінгі интернат өмірі мен ас атасы - нанның қадірін ұғындыратын “Интернат наны” шығармасынан түйген ойлары мен алған әсерлерімен бөлісті. 
5-сынып оқушыларымен “Мен саған сенемін” тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды
28
февраль
2025
5-сынып оқушыларымен “Мен саған сенемін” тақырыбында психологиялық
Мақсаты: өз бойындағы жеке қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достыққа және басқаларды сыйлай білуге тәрбиелеу. Оқушылар түрлі-түсті алақандар арқылы амандасып, “Арт-терапия” жаттығуында жұптаса отырып, тек бір қолын пайдаланып, тақтада көрсетілген суретті салды. “Арт-терапия” жаттығуы оқушыға өзінің шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді. “Сан-түс” жаттығуында көрсетілген сан және түсті жылдам әрі дұрыс айта білді. “Сан-түс” жаттығуы оқушылардың жылдам ойлау дағдысын
ХХ «Зерде» республикалық конкурсының жүлдегерлері
24
февраль
2025
ХХ «Зерде» республикалық конкурсының жүлдегерлері
ХХ «Зерде» республикалық 2-7-сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсынан Марат Асият пен Марат Сафият 2-орын иеленді. Құттықтаймыз! Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маталиева Аида Ертаевна